Жастардың таңдауы – «Жас кәсіпкер» жобасы
Жеке кітап шығарып және оны табысты сату, қап тігу цехын ашу, косметологиялық кабинет, бизнестің заңды жағын зерттеу және өз дағдыларын шыңдау сияқты т.б жобаларды – «Жас кәсіпкер» жобасының екінші кезең тыңдаушылары өздерінің бизнес идеялары мен жобаға қатысу туралы ойларын айтып берді
Айдана Елтаева
Үш баланың анасы ретінде төрт жыл бойы бала күтіміндегі демалыста отырып енді өзіме қажетті бизнесті ашу керек деп шештім. Косметологтың толық спектрін ғана пайдалануға емес, сонымен қатар жақсы тері мен денсаулық үшін қажет қосалқы тауарларды сатып алуға болатын косметологиялық кабинетті ашқым келеді. Бұл тек бастамасы ғана, кейін алдағы уақытта қабылдаушы бөлмелердің санын көбейтіп, дәрігерлердің қабылдауы да болатын болады.
Жамбыл Арыстан
Қазір өз жобаммен жұмыс істеймін, шағын қап тігу цехын ашқым келеді. Қазақстанда қаптар тігетін үш зауыт бар. Болашақта төртіншісін ашуды жоспарлап отырмын. Маған шикізатты сатып алатын станок қажет, мен оны тауыпта қойдым. Болашақта бұл бизнесті жұбайыммен бірге дамытатын боламын, біз екеуміз жобаға бірге келдік, бірақ оның да идеясы бар, мүмкін ол өзіне қажетті кәсіпкерлікті ашатын болады.
Әсел
«Жас кәсіпкер» жобасына қатысқаныма өте қуаныштымын. Мұнда біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылып, жаңа танысулар пайда болды. Жоба туралы ақпаратты алғаш рет Instagram-да көрдім. Өз ісімді ашуды мен бұрыннан бері ойладым, сондықтан да жобаға келдім. Өзіме диеталық кондитерлік тағамдарды пісіретін цех ашқым келеді. «Атамекен» бұл арманымды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік беруде.
Биғали Пазов
Менің таныстарым осы бағдарламаның алғашқы легінде оқып, өте риза болды. Мен екінші лектің басталатынын білгенде, бірден барлық қажетті құжаттарды жинадым. Жоба жас кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік береді, өйткені қазіргі уақытта көптеген жастар оқу орындарын аяқтап, бірақ тұрақты жұмыс таба алмайды. «Жас кәсіпкер» - бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. Қазіргі уақытта менде бизнес идея бар, ол өнеркәсіппен байланысты. Бүгінде Қазақстанда бұл сала әлі де жеткілікті дамымағандықтан, мен өз үлесімді қосып, өз ісімді ашқым келеді.
Рахмади Асылов
Инстаграмдағы парақшаны қарап отырып, шақыру-роликгін көрдім, өз күшімді сынап көргім келді, өтініш қалдырдым, кейән менімен байланысып, осында шақырды. Менің бизнес-идеям-тауарлардың үлкен ассортименті бар интернет-дүкен ашу. Негізінен бұл тұрмыстық тауарлар. Мен оларды бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асыру туралы ойластырудамын, өйткені барлық өңірлерде ірі дүкендер жоқ, барлық жерде адамдарға қажет нәрселерді сатып алуға мүмкіндік болмайды. Тауарды біздің базарлардан сатып алатын боламын. Жеткізуді не пошта арқылы немесе курьерлік қызмет арқылы жіберетін боламын.
Альбина Иманбаева
Мен «Жас кәсіпкер» жобасына өз ісімді ашу үшін келдім. Мен өзім фармацевтпін, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен техниканы тіркеу барысында адамдарға көмектескім келеді. Тұтынушылар бастапқы құжаттарды жіберетін болады, оларды мемлекеттік мекемелерге жіберуден бұрын, мен жиналған құжаттардың толық дұрыстығын тексеретін боламын. Басқаша айтқанда, өз тұтынушыларымның уақыты мен ақшасын үнемдеймін. Бизнесті ашу үшін маған ең төменгі салымдар қажет. Ал болашақта, мысалыға ауыл шаруашылығы сияқты медицинадан және басқа да салаларға қызмет көрсету спектрін кеңейтуге болады деп ойлаймын.
Ғалия Оршабекова
Жоба туралы маған таныстым айтты, сондай-ақ инстаграмдағы роликті көрдім. Ал жалпы мен «Атамекен» туралы бұрыннан әлеуметтік желілерден естідім. Менің бизнесім қолөнермен және тігін ісімен байланысты. Мен өзім тігемін және қолмен жұмыс жасайтын таңдамалы бұйымдарды жасаймын. Мысалы, жақында маңызды саукеле, тәж секілді тапсырыстар болды. Мен бәрін қолмен жасаймын. Қазір Instagram арқылы сатамын. Жобада қатысу себебім хоббиімді бизнеске айналдыру мақсатында. Мені түрлі мастер-класстарға, семинарларға және т.б. шақыруда.
Жасмин Жалғасова
Мен жаңа нәрсені үйрену үшін жобаға келдім. «Жас кәсіпкер» мен үшін – бұл өзін-өзі дамыту, жаңа құзыреттілік, танысу, жаңа тәжірибе. Бизнес үшін идеялар көп, маған қолайлы, қазір таңдау үстіндемін. Жобада қызықты өтуде - күн сайын тренингтер, мастер – класстар, жаңа білім мен мотивация бар.
Кристина Ткаченко
Бұл менің идеяларым ғана емес, бұрыннан айналысып келе жатқан жобаларым. Өзімнің жеке custom-лабораториям бар, онда эксклюзивті заттарды, іш киімдерді, өте креативті модельдерді жасаймын. Өз өнімдерімді сәтті сатудамын. Екінші жобам кітап жазамын, оны интернет желісі арқылы электронды нұсқасын сатамын, бірақ қағаз нұсқасын шығарғым келеді, ол үшін баспаханаға және кітап дүкендеріне шығу керек. Жоба мотивация береді, шабыттандырады, бастаған жобамның дұрыстығына сенім береді және өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер» - мен заңды көмекке келдім, жеке кәсіпкерлікті қалай дұрыс ашу керек және оны жүргізу жолдарын басқа да көптеген сәттерді бағыттайды. Тағы да маған оқушы болу ұнайды-менде жаттықтырушымын, ал мұнда тағы да өзімді басқа рөлде сезінемін, бұл керемет!
Альфия Тенебаева
Қазір жаңа жобамен жұмыс істеудемін - жұпты киімдерді сатумен айналысамын- бұл ана-қызға, әкемен-ұлыға, ғашықтар үшін, барлық отбасыларға арналған жинақтар. Оларды тек фотосессиялар мен іс-шаралар үшін ғана емес, күнделікті өмірде де сатып алады, керемет көрінеді. Заттарды алуға Түркия мен Қытайдан тапсырыс береміз, офлайн және онлайн тұрінде сатамыз. Жобадан менің күтімдерім - жаңа энергия шабыт, және бұл орындалуда. Жаңа білім алғым келеді, өз іскерліктерім мен дағдыларымды жүзеге асырғым келеді.
Айдын Талғатұлы
«Жас кәсіпкер» жобасы туралы мен Instagram әлеуметтік желісінде білдім және бірден қатысуға өтініш бердім. Еліміздегі техникалық және математикалық мамандықтар бойынша, жастардың білімін жаңа деңгейге көтергім келеді. Жалпы, бұл жобаға оң баға бере аламын, бизнес-тренердің арқасында біз көптеген пайдалы ақпаратды алудамыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: