Әлеуметтік желілер бизнестін тренді
Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша екінші лек оқытылуда. Тыңдаушылар үшін SMM аясында «Facebook және Instagram арқылы өз тауарлары мен қызметтерін қалай ұсыну керек» тақырыбы аясында мастер-класс ұйымдастырылды.
«Жас кәсіпкер» жобасының екінші легіне қатысушыларға әлеуметтік желілердің, бизнестің алдында ашатын мүмкіндіктер туралы Facebook және Instagram, SMM-практиктер жөніндегі сарапшы, практикалық интернет-маркетинг мектебінің бас директоры Майгүл Бүргебаева айтып берді. Шеберлік дәрісіне Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарының бес тобынан 150-ге жуық тыңдаушылар қатысты.
«Бүгін біз жобаға қатысушы жігіттер мен қыздар үшін жақсы мастер-класс ұйымдастырып, әлеуметтік желілер тақырыбы аясында кәсіби спикер Майгүл Бүркібаеваны шақырдық. Ол бизнестің әлеуметтік желілерге әсері, Facebook және Instagram-да қандай форматтар бар, бизнес-беттердің мүмкіндіктері мен оларды жүргізу кезіндегі негізгі қателер, бизнес - профильді қалай дұрыс рәсімдеу керек, әлеуметтік желілерге арналған контенттің түрлері, әлеуметтік желілерде тегін және ақылы әдістер және тағы басқа жолдары туралы айтып береді», - деді Бостандық ауданының аға жаттықтырушысы Дамир Кутумов.
SMM бүгінгі таңда - бизнестің басты тренді екенін Майгүл Бүргебаева жақсы біледі. Жарнамада 16 жылдық тәжірибесі бар ол, алты жыл бұрын SMM саласын зерттей бастаған. Үш жарым жыл бұрын өз мектебін ашып, оның түлектерінің қатарынан «BAZIS», «BI GROUP», «АДАЛ», «БАХУС» және т.б. компаниялардың өкілдерін кездестіруге болады.
«Бір кездері бізге тұтынушыларды табу өте қиын болған. «Қазір олар бізді іздейді», - деді Майгүл Бүргебаева. – Сіздер енді осы салада алғашқы қадамдарды жасайсыздар, бірақ әлеуметтік желілердегі жұмыстың стартап деңгейінде сізде өте жұмыстар көп болады».
«Жас кәсіпкер» жобасының екінші лек тыңдаушысы, 29 жасар алматылық Айдос Темірғалиев бұл оқыту жұмыстары болашақта жас кәсіпкерлерге өз жобаларын табысты жүзеге асыруға көмектеседі деген сенімді білдіруде. Ол жоба аясында білім алып, болашақта өз ісін ашуды жоспарлап отыр.
«Менің алған білімім бизнесімді жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі деп сенемін. Болашақта бизнесмен ретінде мен ел экономикасының дамуына өз үлесімді қосатын боламын», - деді Айдас Темірғалиев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: