«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының 573 қатысушысы өз жобаларын қорғады

2019 жылғы 16 Тамыз
- Алматы қаласы
4724 просмотров

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легінде оқыған 822 тыңдаушының 573-і өз жобаларын сарапшылар алдында сәтті қорғап шықты. Енді олар грант немесе жеңілдетілген несиеге үміткер бола алады.

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легінің қатысушылары үш апталық оқуды аяқтап, өз бизнес-жобаларын сараптамалық комиссияның қарауына ұсынды, комиссия құрамында Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының, жұмыспен қамту орталығының, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының бизнес-жаттықтырушылары болды.

Жобалардың қатарында шағын қызметтерден бастап өндіріске дейін әртүрлі салалар болды.

Мысалы, 23 жасар алматылық Әсел Түйғынбекова фетрден балалар кітапшасын жасап, орналастыруды қалайды. Оның мақсатты аудиториясы – жас отбасылар, балабақшалар, мектептер мен даму орталықтары.

«Кіші жастағы балалардың қабылдауын дамытуға, үйлестірушілігін оятуға және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін сапалы отандық тауар жасағым келеді», – деп атап өтті жоба жетекшісі.

Алматылық Еркебұлан Бекқалиұлы бүгінгі таңда нарықта кәсіби фотоқызметтерге деген сұраныс көп, жыл сайын көп фотостудиялар ашылуда, бірақ олардың саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін әлі болсада жеткіліксіз деп санайды.

«Бұл жоба қазіргі нарықта жеңіліс алып келеді деп ойламаймын. Себебі қазақтың тойы жыл бойына тоқтаусыз өтіп тұрады. Сондықтанда фото түсірушілердің тапсырыстары жыл сайын көбеймесе азаймайды», – деп атап өтті Еркебұлан Бекқалиұлы.

Оның пікірін салтанаттарды рәсімдеу жөніндегі агенттікті ашқысы келетін Олжас Бердібай да қолдайды.

«Бүгінде той өткізу деңгейі өсіп келеді және осы салада жақсы салтанаттарды ұйымдастырушылар қажет. «Salemevent» жеке кәсіпкерігі – бұл тоқыма, ауа шарлары, флористика және басқа да заманауи декорация элементтері бар залдар мен мерекелерді өткізу орындарын безендіру бойынша қызметтерді ұсынатын компания», – деді ол өз сөзінде.

«Apatai» бизнес-жобасының иесі алматылық Диана Қажымұрат тез тамақтану дәмханасын және бауырсақтар, тәтті тағамдар, нан, мұздатылған жартылай фабрикаттар – тұшпаралар, чебуректер және бауырсақтарға қамыр сатылатын азық-түлік дүкенін ашуды көздеп отыр.

«Қонақ күтуге әзір болмаған жағдайда үй иесі, біздің қызметімізді пайдалана отырып, бауырсақтар мен басқа да бұйымдарды үйге жеткізумен тапсырыс беруге болады», – деді ол.

Қазақстан алпауыт мемлекеттер қатарына енуі үшін білімді, білікті және ел алдында сауатты сөйлей алатын мамандар қажет. Осы орайда бұл міндетті «Söz öneri» көпшілік алдында өнер көрсету академиясы шешуге көмектеседі.

«Söz öneri» – орталығында біз сізді сахнада және жиындарда сенімді болуға, материалды мәнерлеп және әдемі ұсынуға, сахнада өнер көрсетуге және сұхбат беруге үйретеміз», – деп айтты өз жобасын қорғау барысында Айзат Өмірзақова.

27 жасар алматылық Қуаныш Әміреев бизнесін ашуға белгілі бір қаражатты жинақтап қойған, бірақ ары қарай бизнес-идеясын жүзеге асыруға жинақталған қаражат жеткіліксіз, сондықтан ол грант ұтып алу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтады. Жас кәсіпкер жиһаз жасау цехын ашқысы келеді.

«Біз бастапқы кезде үстелдер, дивандар, кеңселік жиһаздарды шығаратын боламыз. Кейіннен өндірілетін өнімнің ассортиментіне байланысты жиһаздың басқа түрлері қосылуы мүмкін», - деді ол.

«Жас кәсіпкер» жобасының екінші легіне қатысуға ниет білдірушілер бизнеске 19 тамыздан бастап өтінім бере алады.Оқуға өтінімдерді Алматы қаласы аумағында 15 мекенжай бойынша, яғни кәсіпкерлер палатасының филиалдарында және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы өкілдіктерінде беріледі. Сондай-ақ Qoldau.atameken.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады. Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 1432 – «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығы (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), Алматы қаласы бойынша бірыңғай call-орталық: +7 707 781 4588 (whatsapp), +7 (727) 33 101 33 (ішкі. 803, 7535).

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер