«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жас кәсіпкер» түлегі кәсібін «партизан маркетинг» арқылы дөңгелетуде

2020 жылғы 25 Ақпан
- Павлодар облысы
3861 просмотров

Интернет-дүкен қызметі енді Май ауданы тұрғындарына қолжетімді. Кейбір адамдар бұл жаңалық па, онда тұрған не бар деп айтуы мүмкін. Алайда, тауар ассортименті тапшы ауыл үшін бұл жаңашылдық

«Заманауи әлемде интернет арқылы дамымаған бизнестің болашағы жоқ екенін білемін. Сондықтан, әлеуметтік желілерде босқа отырмай, мақсатымды орындап, табыс табуға бел будым. Интернет-дүкенімде халық тұтынатын тауарлар сатылады. Аудан бойынша тегін жеткізу бар. Тұрақты клиенттер де бар. Кәсіпті ары қарай дамыту жоспарда», – дейді «Жас кәсіпкер» жобасының түлегі Рая Хали.

 Жобаның бизнес-тренері Ақмарал Сайтқұлова оқыту Көктөбе ауылында өткенні айтты. Қашықтыққа қарамастан Рая Хали Баскөл ауылынан күнде сабаққа келетін.

 «Рая Хали кәсіпке бейім. «Жас кәсіпкер» жобасы туралы естіп, ол оқуға бірден жазылды. Оқу нәтижесі бойынша тыңдаушылар бизнес-жобаларын қорғады. Жаттығулар барысында тыңдаушыларға Маслоу құндылықтар мен қажеттіліктер  пирамидасын ұсынамын, ол адамды жетілуге жетелейді. Бизнес-тренердің міндеті ойлаған жобаны іске асыруға мотивациялау, құлшыныс беру, олардың бойында қалыптасуға қажетті күш тудыру», – деп атап өтті Ақмарал Сайтқұлова.

 Кәсіпті енді қолға алып жатқан Рая тапсырыстарды Баскөл тұрғындарынан ғана емес, Май ауданы, тіпті Павлодар облысының басқа елдімекендерінен де қабылдауда.

«Жас кәсіпкер» жобасының түлегі клиенттерді қалай тарту, оларды тауармен қызықтыру керектігін біледі. Интернет-дүкен сапалы тауарларды арзан бағада ұсынады, кәсіби сервис көрсетеді.

 Кәсіпкердің айтуынша, интернет-дүкендегі бағалар ауылдағы нарықтың бағадан үш есе төмен, бұл оның негізгі артықшылығы. Бұдан бөлек, тауардың сапасы мен оны уақытында жеткізуге баса назар аударылған. Сонымен қатар, егер тауар клиенттің көңілінен шықпаса, тауарды кедергісіз қайтару қарастырылған. Интернет-дүкенге жарнама қажет емес, өйткені разы клинеттердің оң пікірі тауарларды тиімді сатуға әрі жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік беруде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер