Заңдардағы қайшылықтар кәсіпкерлерге кедергі келтірген
2014 жылдың 1 ақпанынан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түйткілді мәселелер тізілімін жүргізуде. Тізілім кез келген кәсіпкер кәсібіне кедергі келтіріп жатқан проблемасын айта алатын алаң іспетті. Бұл мәселелерді «Атамекен» өз қызметі шеңберінде құрылымдап, бизнеске көмек көрсетеді
Түйткілді мәселелер тізілімінің міндеті – проблемаларды толық жүйелеу, бағалау және оларды бақылау. Бұдан бөлек «Атамекен» жүйелі мәселелерді шешу бойынша кешенді шараларды әзірлеуде. Көп жағдайда тізілімге қолданыстағы заңнаманың жетілмегені немесе мемлекеттік органдардың заң нормаларын орындамауы, шенеуніктердің біліксіздігі себепті туындайтын мәселелер кіреді.
Жыл басынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің республикалық ауқымдағы 7 жүйелі мәселесін шешті. Оларды егжей-тегжейлі қарастырып көрелік.
Тауарды қайтарып беру үшін сатып алған
2017 жылы ҰКП тізіліміне, егер сатып алушы акция науқанында жеңілдікпен тауар сатып алып, оны қайтарамын десе, сатып алушымен қалай есептесу керектігі жайында мәселе келіп түсті.
Мәселенің мәні айла ойлаған сатып алушылар тауарларды акция кезінде кейін қайтарып беру үшін әдейі сатып алған. Осылайша олар сатып алу бағасы мен тауарды қайтару бағасының айырмашылығына тең келетін түсім алуға үміттенген. Мәселе «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңға енгізілген түзетумен шешілді. Енді тұынушымен келісімшартты бұзған уақытта ақша қайтарымы тауардың сатып алған бағасы бойынша беріледі.
Қайшы талаптар тығырыққа тіреді
ҚР Білім және ғылым министрлігі қоғамдық тамақтану саласында байқау жариялады, алайда аяғына дейін талаптар жетілдірілмеді.
«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен байқау жеңімпазы болып анағұрлым көп балл жинаған және өзгелермен салыстырғанда міндеттемелерді орындау үшін жақсы жағдайларды ұсынған жеткізуші танылады. Осы ретте қызмет немесе тауарды жеткізушіні таңдау критерийлеріне сәйкес нарықта жұмыс істеу тәжірибесінің болуы, яғни тамақтану саласында ғана қызмет атқаратын субъектілеріне артқышылық берілетін.
Байқауда түрлі түсіндіру болғаны себепті қоғамдық тамақтануда үлкен тәжірибе болмаса, өтінім беруші нарықтың басқа субъектілерімен бәсекеге түсе алмайтын, бұл жайт бәсекелік әрекеттерге қарсы.
Министрлік мәселені қараған соң, «Атамекен» бұл мәселеге нүкте қойып, ережелерге түзету енгізілді.
Сөреге қолжетімділік үшін салық
Бөлшек желілерге күнделікті сұраныстағы отандық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі республикалық ауқымдағы түйткіл болып белгіленіп, «Атамекен» тізілімінде 2016 жылдан бері тіркелген.
Кәсіпкерлер бөлшек саудадағы сату сөрелеріне деген айтарлықтай үлкен алымдардың болуына наразылық білдірді, яғни «сөреге қолжетімділік үшін салық» үшін, жеткізілген өнім үшін төлемнің ұзақ уақытқа кешіктірілуіне (90 күнге дейін) және сатылмаған тауарларды қайтарудың біркелкі емес жағдайларына шағымданды.
Аталған мәселе Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде шешімін тапты. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізушілерге жеткізу келісімшарты сомасынан 0% деңгейде, ал басқа да азық-түлік тауарларға жеткізу келісімшарты сомасынан 5% деңгейде ретробонустарды тағайындауға қатысты сауда қызметін реттеу туралы заңға өзгерістер енгізілді.
«Дөңгелектегі бизнесті» бекітті
Осы заңмен көшпелі, жылжымалы саудамен айланысатын, басқаша айтқанда «дөңгелек үстендегі бизнесі» бар кәсіпкерлердің басқа мәселесі шешімін тапты.
Қазақстанда мұндай бизнес түрі жоқтың қасы. Бірақ, халықаралық тәжірибені зерттеу Еуропа мен АҚШ оншақты жылдар бойы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті. Кәсіпкерлер автобустар мен жүк көліктерін сатып алып, оларды қайта жабдықтап, көшелерге шығып жүздеген адамдарды тамақтандырады, үнемі сауда орындарын ауыстырап тұрады. Кәсіпкерлер бұл қызмет түрін инвестициялық шығындардың аздығы, жоғары табыстылық үшін таңдайды.
Алайда ҚР заңнамасының нормалары мұндай бизнесті ашуға рұқсат бермеді. Негізгі кедергі – санитралық нормалар, өрт қауіпсіздігі және бизнесті ашуға рұқсат алу.
Мұндай рұқсатты алу үшін стационарлық объектілерге арналған көптеген талаптарға сай келу керек болды. Талаптар арасында тамақтану объектілерін тек ғимараттар мен үй-жайлардан табуға қойылатын талаптар, суық және ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінің міндетті түрде болуы, кәріз, дәретхана, желдету жүйелері, қойма, өндірістік үй-жайлар және т.б. талаптар болды.
ҚР Президентінің бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу бойынша қол қойған түзетулерге сәйкес жергілікті атқарушы органдарға станционарлы емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары мен орындарын анықтау және (немесе) бекіту бойынша құзырет берілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: