«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дәулет Сүтемгенов: Кәсіби өсу мақсатында жетілудің жаңа бағыттарын іздейміз

2019 жылғы 18 Шілде
6097 просмотров

«Темір жол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС сараптамалық сертификаттаудан өтіп, өнім мен қызмет көрсетудің сапасы саласындағы жетістіктері үшін берілетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыйлығына (ТМД сыйлығы)  халықаралық байқауының нәтижелерін күтуде

Темір жол көлігіндегі сертификаттау орталығы теміржолдың инфрақұрылымынан бастап қозғалмалы состав пен локомотивтердің қосалқы және құрамдас бөлшектеріне дейін теміржол өнімдерінің сәйкестігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. 2018 жылы ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алған кәсіпорын бүгінде ТМД Сыйлығын алу халықаралық байқауының қатысушысы атанды.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы компанияның халықаралық байқауға қатысу себебін және бүгінде отандық компаниялар сапаның қандай деңгейінде екенін анықтады.

 «Темір жол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС директорының орынбасары Дәйлет Сүтемгенов:

 «Компаниямыз үшін 2018 жылы ең үздік кәсіпорын ретінде ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын еншілеген соң бұл байқау екінші маңызды кезең болып отыр. Бастапқыда Сыйлықты алуға қатысуға ойымыз болмаған, ал қазір сапа саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД Сыйлығы халықаралық байқауы бізді үлкен белестерге жетелеп отыр, мұндай мүмкіндік компаниямыздың кемшіліктерін анықтап, оны жетілдіруге жол ашады. Байқау негізі басқару жүйесін, менеджментті, қызмет көрсету сапасын басқаруға бағытталған, сондықтан біз қатысуға өтінім бердік. Кәсіпорнымыз әлі тың, 2013 жылы құрылған, 2014 жылы сынақ орталығының аккредиттеуінен өттік. Мықты әрі кәсіби өсу мақсатында біз жыл сайын жетілудің жаңа бағыттарын іздейміз. Сыйлық шеңберінде сарапшылармен сұхбаттасамыз, нарықта сенімділікті арттыратын құжаттарды рәсімдейміз.

–       Сыйлықтың бірінші кезеңінде сіздер жеке өндірісті өздеріңіз бағалау мүмкіндігіне ие болдыңыздар. Бағалаушыға өзін бағалау қиын ба?

–       Иә, қиын. Біреуді бағалаған бір бөлек, бағалау дағдыларын болса бағалау мен тексеру оңай, бастысы терең бойласаң болды. Ал жеке кәсіпорнын жайында ақпаратты беру, оны тиісті деңгейде рәсімдеу, содайн кейін өзіңе-өзің балл қойып, барлық критерийлер бойынша жеке өндірісіңді бағалау өте қиын. Бұл жерде өзіндік сын басым түсуі керек. Біз бұл мәселеге ерекше қырынан келдік. Иелігімізде екі құрылым бар, сондықтан біз екі құрылымның бірін бірі тексеруге жағдай жасадық. Даулар, пікірталас көп болды, нәтижесінде ортақ шешімге келіп, белгілі бір деңгейге шықтық, соңында тәуелсіз бағалау осы әрекетіміздің дұрыс болғанын растады.

–       Сіздің пікіріңізше, компанияңызға бағалау қажет болды ма?

–       Иә, бағалау бізге қажет болды. Біріншіден, байқаудағы әр критерий жұмысыңның белгілі бір бөлігіне: персоналға, жабдыққа, инновацияларға талап қояды. Жұмысыңа егжей-тегжейлі талдау жасау қызықты. Егер бастапқыда сұрақтарға өзіміз жауап берсек, кейін кәсіпорынды сарапшылар алдында таныстырдық, және олар нәтиже шығарғанда: біз өзіміздің бизнес жүргізудегі әдістеріміз бен жеке бағалауымызды нағыз сарапшылардың пікірімен салыстыруға мүмкіндік алдық. Әрине өзіміздің бағалауымыз жоғарырақ болды, бірақ сарапшылардың пікірімен келісеміз. Олардың кәсібилігі бізге белгілі бір салада бізге неліктен дәл осындай балл берілгенін түсінуге мүмкіндік береді.

–       Компанияңыздың сүбелі артықшылығы – жеке зертхананың болуы. Сарапшылар да оның жұмысын жоғары бағалаған. 

–       Әрине, компаниямыздың жүрегі – сынамалы орталық. Бастапқыда біз орталық құрып, теміржол өнімінің шағын ғана спектрі бойынша сынақтар жүргізуді көздегенбіз. Уақыт өте келе сынақ ортылығы толық циклды болуы керек екені және барлық құрауыштарды, соның ішінде қозғалмалы составты қамту қажеттігін түсіндік.    

Тура осындай орталық 2014 жылы Екібастұз қаласында салынды. Бұл кез келген дүкенде сатыла бермейтін бірегей жабдық, оны тек тәжірибе мен білім арқылы жобалап шығаруға болады. Біз стандартты емес бөлшектерді дайындап берген ең мықты мамандар мен жабдықты жеткізушілерді тарттық. Бізбен Қытай, Ресей, Америка және Жапонияның үздік мамандары жұмыс істеді. Бүгінде жабдығымыздың өндірістік көрсеткіштері,  жұмыс өнімділігі біздің дұрыс таңдау жасағанымызды көрсетті. Стендеттерді әзірлеуде бәсекелестеріміздің қателіктерін ескеріп, жеке жоспарды жүзеге асырдық. 

 Әзірге Қазақстанда сертификаттау саласында дәл осындай  жабдықталған сынау зертханасымен толыққанды орган жоқ. Біз ЕАЭО-да үш техникалық регламент бойынша аккредиттетуден өттік. «Темір жол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС – тар бейінді ұйым және бізде жекелеген құрауыштар мен құрамдас бөліктер бойынша бәсекелестеріміз бар. Бәсекелестеріміз – Ресей және Беларусь, біз олардың барлығымен жақсы қарым-қатынастамыз, кейде бірлескен сынақтар жүргізуде ынтымақтасамыз. Біздей ұйымдар көп емес. 

«Кубань мемлекеттік технологиялық университеті» федералды мемлекеттік жоғары білім беру мекемесінің менеджмент сапасы және сертификаттау бөлімінің бастығы, сарапшы Ирина Заика:

Қазақстанда бизнес сапасы саласындағы мәселелерге негізді қарайды әрі ТМД сыйлығына белсенді қатысуда. Сіздердегі бизнес деңгейі мен топ-менежмент дамуындағы ұйымдастырушылық әдістер деңгейі Ресейдегі деңгейден кем емес екені қуантады.  Қазақстандық экономика қарқынды өсіп жатыр деп айтуға болады, осы нарықтың басқа қатысушылары осы деңгейден қалыспаса екен деп тілеймін.

–       Биылғы қазақстандық қатысушы туралы не айтасыз?

–       Өте мамандандырылған қатысушы дер едім, өйткені осындай бейіндегі ұйым байқауға бұрын-соңды қатысып көрмеген, сондықтан оларды бағалау қиынға соқты. Өйткені біз бағалау саласында тіс қаққан кәсіби компанияны бағалауға келдік. Осы тұста  кәсіпорынды білікті әрі суыққанды бағалауға жүгіну маңызды.  Олар өздеріне нақты стратегия, ниша таңдаған әрі осы салады табысты даму үстінде. Логистика мен тауар айналымы теміржол көлігінсіз мәні жоқ, демек бағалаусыз даму жоқ. Осы ретте бағалауды халықаралық ұйымдардың мүшелері, ұлттық деңгейде көрмелерге қатысатын білікті мамандар жүргізеді. Компания заманмен бірдей дамып жатыр, көшбасшы болу үшін осал тұстарды бірден анықтап, реттеп отырады. Міне, осы қасиеттер көшбасшылыққа жетелейді.

–Сынақ орталығына бардыңыз ба, ол туралы не айтасыз?

–       Орталықтың бірегей жабдығын атап өткім келеді, өйткені бағалау бойынша қызмет қатаң регламенттелген. Бірақ қазақстандық орталық инновациялық әдістерді қолданады. Олар стандартты процедураларда стандартты емес жабдық қолдануы мүмкін. Бұл әрине таңдандырады, сондықтан бұл ұйымға сәттілік тілеймін, оның келешегі зор. Осы кәсіпорында тағы не өзгеше? Біздің модель бойынша бағалаудың барлық тәсілдері қолданыла бермейді. Олардың кейбірі кәсіпорынға тіптен жарамайды. Осы ретте дәл осы кәсіпорын әріптесіміз ( Армения Республикасының «Ұлттық стандарттар институты» ЖАҚ медежмент жүйелерін сертификаттау бөлімінің бастығы Седа Папян – ред.) екеумізге қызықты болды.

–       Қатысушыға бұл байқау не береді?

–       Байқау кәсіпкерге белгілі бір бонус, артықшылықтар береді деп айтуға болмайды. Егер кәсіпорын байқауға қатысатын болса, мұнда диплом мен танылу емес, кәсіпорынды тәуелсіз бағалау мен сарапшылардың пікірі маңыздырақ екенін түсінуі керек. Байқаудың сарапшылар ұйымдарды бағалауға көп мәрте қатысқан білікті мамандар.

Екінші құндылық – байқау моделін қолдану, осы ретте кәсіпорын өзі басқа қырынан көріп, бағалай алатын мүмкіндік. Бұл менеджмент саласындағы жаңа стиль, осылай ұйым өзінің мүмкіндіктері мен кемшіліктерін шынайы бағалай алады.

 Үшінші құндылық – ұлттаралық деңгейде танылу мүмкіндігі. Бұл артықшылық  жаңа бағыттарды дамытуда халықаралық компаниялармен ынтымақтастық құруға мүмкіндіктер ашады. Бұл байқауға ең үздік компанияларға қатыса алады. Осы деңгейде компания жаңа клиенттер табады.

 Ал байқаудағы жетістіктерді әр компания өзінше бағамдайды. Осындай модельдерді қолдану арқылы деңгейіңді көтеруге мүмкіндік беретін осындай байқаулардың болғаны қандай жақсы. ТМД елдері аумағында байланыс экономикасы өсіп жатыр, бұл жайт бизнесті жетілуге және әлем экономикасы енуге ынталандырады.

 Анықтама үшін:   Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыйлығы екі жылда бір рет ТМД елдерінің арасында байқау арқылы өнім сапасы мен қызмет көрсету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуі, сапаны басқарудың заманауи әдістерін енгізуі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша мемлекеттік ұйымдардың анықтауымен тағайындалады.

 Қатысушыларға қойылатын басты талап, екі жыл ішінде шығарған өнімдерінің немесе көрсеткен қызметтерінің жоғары сапалы болуы және ТМД елдерінің екі мемлекетіне тауарлары мен қызметтерін экспорттауы қажет. Жеңімпаздарды жоғары білікті сараптама комиссиялары анықтайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер