«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда көлеңкелі экономиканың пайда болу салдары мен себептері «Атамекен» алаңында талқыланды

2019 жылғы 27 Маусым
7492 просмотров

Қандай шаралар көлеңкелі экономика деңгейін түсіре алатыны «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында қаралды

Статистикаға сәйкес Қазақстанда көлеңкелі экономика көлемі төмендеп келеді. Алайда бизнес өкілдері салық қызметкерлерінен өз активтері және қызметін неге жасыратыны өзекті мәселе болып қалып отыр.

 «Бақыланбайтын экономикада жетекші позиция дәл сауда саласына тиесілі. Статистика деректеріне сәйкес көтерме және бөлшек сауда соңғы үш жылда жалпі ішкі өнімде көлеңкелі экономика бойынша ең жоғары үлесті еншілеген, оның көлемі 5,2 трлн теңгеге жеткен», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев.

Спикердің айтуынша, бизнестің көлеңкеге кетуінің бірнеше себебі бар. Біріншіден – мемлекет тарапынан жасалатын қолдау жеткіліксіз. Екіншіден – ішкі сауданы дамытудың стратегиясы жоқ.

 «Әкімдіктер сауда ұйымдарды қолдауға тырысып жатқан өңірлер бар, ал кейбір өңірлерде қолдау көрсетпек тұрмақ, сауда орындарын тартып алып, заңсыз жұмыс істеуге итермелейді. Мәселен, қазір «1000 сауда орны» бағдарламасы іске асырылуда. ӘКК сауда орындарға жер телімдерін береді. Жақсы идея! Бірақ кәсіпкерлерге қай жерден орын беріліп жатыр? Көп жағдайда коммерциялық тартымсыз, еш коммуникациясыз, шалғай жерден береді. Сатып алушысы жоқ сауданы қалай ұйымдастыруға болады?», – деп сауал тастады Павел Казанцев.

 Спикер шешім ретінде бөлшек сауданы қаржылай және қаржылай емес қолдаудың тиімді мемелкеттік стратегиясын құруды ұсынды. Сонымен қатар Павел Казанцевтің айтуынша, саланы экономиканың басымдыққа ие салалары тізіміне енгізу бизнесті көлеңкеден шығуға итермелейді.

Кәсіпкерлермен өткен кездесулер қаржы ағындарының көлеңкеге кетуінің салдары ұлттық экономиканың жетілмегені, экономиканың бизнесті әкімшіліктік реттеуге бағытталауы, ұзақ мерзімді әрі қымбат бюрократиялық процедуралардың болуы, сондай-ақ салық және банк жүйесінің жетілмегенімен байланысты. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сәйкес 2019 жылы көлеңкелі экономиканың үлесі 29,8%-ға артқан, ал Елбасының тапсырмасы бойынша үш жыл ішінде оның үлесі 40%-ға қысқаруы қажет.

 «Әлемдік стандарттар бойынша әдестемені қайта қарадық, мемлекеттік органдармен атқарылмақ тығыз жұмыстың үш жылы ішінде «көлеңкелі» айналымды 40%-ға азайта аламыз. Көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жоспарды да бекітіп қойдық. Қазіргі таңда экономиканың бақыланбайтын секторын 6 категория бойынша бағалау жүріп жатыр, мысалы әдейі тіркелмеген қызмет түрлері немесе заңсыз қызметпен айналысатын бизнес», – деді ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрайымы Гүлнар Керімханова.

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «көлеңкелі айналымды» қысқарту бойынша атқарылған жұмыс нәтижесімен бөлісті. Атап айтқанда онлайн-бақылау-кассалық машиналарды орнату мәселенің шешудің бір тәсілі болмақ. Сонымен қатар мемлекеттік орган құқық бұзу туралы хабарлаған сатып алушыларға кэшбэк төлеу мүмкіндігін қарауда, осылайша тескерулер саны қысқарып, мемлекеттік орган мен кәсіпкер арасындағы бюрократиялық мәселелер жойылады.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов параны кәсіпкер кәсіпкерге емес, кәсіпкер қызмет көрсетуге, соның ішінде сатып алуларға береді.

 «3,6 трлн теңге бұл сатып алулар, онда 75%-ы бәсекеге қабілетсіз. Сәйкесінше, бір тауар түрі бойынша бәсекеге қабілетті және қабілетсізі арасындағы айырмашылық 34%-ды құрайды. Ұрлық тендер жүргізу кезінде емес, бюджетті қалыптастыру кезінде жасалады. Мемлекетітк бюджеттің шығынын азайту мақсатында бір креслоны сатып алу бойынша баға айырмашылығы 300%-ға жетпеуі үшін біз бағаны тексеру процедурасын енгізуді сұраймыз», – деді Рустам Жүрсінов.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент бойынша жұмыс тоқтатылады, бұл жайт 100 мыңнан астам кәсіпкерді күйзеліске ұшыратады.

«Жарты жыл бұрын патенттен кету керектігін түсініп, ұсынысқа қолдау білдірдік. Бірақ министрлікке жеңілдетілген декларация бойынша салық режимін жетілдіру бойынша қарымта талап қойдық, талап орындалмады. Салықты айналымнан алу дұрыс емес, өйткені айналымның басым үлесі қарызға алынған қаражат», – деді Рустам Жүрсінов.

 Қорытындылай келе Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов бизнес және мемлекеттік әріптестік негізінде дамуды ынталандыруға бағытталған «Бөлшек сауданы» қаржылай және қаржылай емес қолдау бойынша мемлекеттік саясатты қайта қарау қажеттілігін атап өтті.

«Сауда қызметін реттеу туралы» заңымен бекітілгендей, сауда қызметін дамыту бойынша мемлекеттік қолдау жүзеге асырылмайтынын байқап отырмыз. Бізге оны егжей-тегжейлі қайта қарау қажет. Сондай-ақ қолма-қолсыз есеп-айырысу, атап айтқанда кэшбек тағайындау мәселесін дұрыстап, асықпай қарап, қандай көздерден қаматамасыз ету жүргізілетінін түсіну қажет», – деді Қайырбек Сүлейменов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер