«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

72 сағаттық транзит. Қытай туристерін немен қызықтыруға болады?

2019 жылғы 16 Мамыр
6527 просмотров

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қытай тарапымен туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын Еуразия туризм қауымдастығы бірлесіп, қазақстандық авиа компаниялардың транзитті бағыттарын пайдаланатын Қытай азаматтарына арналған 72-сағаттық визасыз режимнің тиімділігіне талдау жүргізді

Зерттеу нысаны ретінде сауалнамаға Қытай тарапынан келетін туристтермен жұмыс жасайтын туроператорлар мен гидтер тартылды. Сондай-ақ, «Атамекеннің» сұрауы бойынша ҚР ҰҚК қарасты Шекара қызметінен мәліметтер алынды.

2017 жылдың 9 маусымынан бері біздің елдің авмакомпанияларының (Air Astana және SCAT) қызметін пайдаланған Қытай азаматтарына 72 сағаттық визасыз режим ұсынылған болатын. Бүгінгі күні бұл режим Қазақстан Үкіметінің 2018 жылдың 6 сәуіріндегі №175 қаулысы бойынша бақылануда.

72 сағатта  екі мың турист

72 сағаттық визасыз режим бойынша 2018 жылды қорытындылар болсақ 20 015 адам келген екен.  Оның 9 739-ы Нұр-Сұлтан қаласына, 10 276 турист Алматы қаласына табан тірепті.

Енді, бұл көрсеткішті сағаттап жіліктесек. Келушілердің 30,8% (6 693 адам) Қазақстанда 6 сағаттан артық болмапты. Әуежайдан ары аттап баспай, ешбір туристтік қызметке жүгінбей, өз елдеріне қайтып кеткен.

Келушілердің 46.3% (10 057 адам) елде түнемесе де құны 20$ аспайтын туристік қызметтерге жүгінген. Яғни, осынша адам ақылы билеті бар ғимараттарға кірмей, қаланың көрікті жерлерін ғана аралаған деген сөз.

12.3% (2 662 адам) келуші Air Astana компаниясы ұсынған  «Stopover Holidays»  бағдарламасы арқылы бір күн қонған. Бұл бағдарлама бойынша қонақ үй ақысы 1 АҚШ долларына тең болса, екі күндік экскурсияқұны орта есеппен 135 АҚШ долларына тең.

Өздеріне тиесілі 72 сағатты армансыз пайдаланғандар 10.6% (2 294 адам). Бұлар шамамен елімізде 2 жарым күн болған. Осы күндері олар шамамен 280-300 АҚШ доларына тең қаражат жұмсаған. Бұл топтағылар қаланың көрікті жерлерін, сондай-ақ, ақылы орындарды да аралаған. Тіпті, Шарын шатқалы мен Бурабайға барып үлгергендері де бар екен.

Қолымыздағы мәліметтерге сүйене отырып, елімізге келген туристердің 23% ғана біз үшін пайдалы болған.

 

Сұраныс бар, ұсыныс жоқ

Тарихи және көрікті мекендерге ие бола отыра туристерге арналған әдемі жоспарымыздың жоқтығы осындайда көрініп қалады. Оларға арналған түрлі әдістер мен тиімді шарттар ұсына алмаудамыз.

Біріншіден, туристерге қызық болатын орындардың аясын кеңейтуіміз қажет.

Екіншіден, 72 сағатты қалай тиімді өткеруі жайлы ақпараттандыру жұмысымыз әлсіз. Келуші адам 6-10 сағат ішінде, бір күн немесе екі күн ішінде Қазақстанда болған кезде қайда баратынын, не істейтінін нақты білуі тиіс. Осы бағыттағы ауыз толтырып айтатын жұмысты тек «Visit Almaty» туристтік орталығы «Almaty 72» бағдарламасы бойынша ұсынуда. Ел табалдырығынан аттаған туристтің құжатының арасына шағын брошюралар қыстырылады. Бұл әдісті Нұр-Сұлтан қаласында да кеңінен қолдануымыз қажет.

Үшіншіден, туристік орталықтар мен ірі ойын-сауық орталықтарынң арасында серіктестік байланыстың жоқтығы. Зерттеу бойынша туристтердің жалпы шығынының 56% пайызы киім-кешек алуға жұмсалған.

Қытай Туризм академиясының мәліметеріне сүйенсек 2018 жылы қытайлықтар шетелдерде 120 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 4% артқан екен.

Бұл қаражат көптеген елдің қазынасына түсіп жатыр. Осы елдердің ішінде Қазақстан да тайталасып тұруы тиіс.  Сондықтан да, қазақстандық туристік орталықтар Қытай азаматтарына ұсынылып отырған 72 сағаттық визасыз режимді өз игілігіне, ел игілігіне пайдалануы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер