«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды

2019 жылғы 03 Сәуір
- Алматы қаласы
2600 просмотров

«Қарапайым заттар экономикасы» Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының іске асырылуы бойынша Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында екінші деңгейлі банктермен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында бағдарламаның іске асырылу бағыттары, бизнесті дамыту мүмкіндігі және кәсіпкерлердің қызығушылықтары мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жиын барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай кәсіпкерлік субъектілеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай  ақпарат беруге және бағдарламаның қолжетімді болуы үшін, Алматы қаласындағы екінші деңгейлі банктердің филиалдарында кеңесшілер мен менеджерлерді орналастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, аталмыш жиында жергілікті атқарушы органдардың, екінші деңгейлі банктердің және «Даму» АҚ өкілдерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі талқыға түсті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер