«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы стартап-жобаларды қолдайды

2019 жылғы 27 Наурыз
- Жетісу облысы
5784 просмотров

Жас кәсіпкерлерге жобаларды сүйемелдеу бойынша көмек көрсетіледі

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жастардың стартап-жобаларына консалтингтік қызмет жасап, жобаларын сүйемелдеп мен кәсіпкерлермен байланыс орнатады.  Аталмыш қолдау Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы, Талдықорған жоғары политехникалық коллдежі және  «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабы арасында қойылған жас кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетіледі.

Келісім жастар мен бизнес арасында тиімді жұмыс істейтін өзара диалог алаңын ұйымдастыру, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп отырып қарау мен шешу, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруға бағытталған.

«Біз жастарды кәсіпкерлік қызметке тартуға, жастардың кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет. Өз кезегінде «Атамекен» жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, оларға кеңес беріп, жобаны тіркелген сәтінен бастап іске асырылғанға дейін қолдау көрсететін болады», – деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Нариман Әбілшайықов.

Қазіргі таңда колледже жастар жобаларын іске асыруға бағытталған бизнес-инкубатор құрылған. Кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлерге консалтинг қызметтер көрсетіп, жобаларын  сүйемелдейді, сонымен бірге, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықты арттырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер