«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қорғаста орналасқан сауда орталығында Қазақстан-Қытай көрмесі өтеді

2019 жылғы 04 Наурыз
- Алматы қаласы
5157 просмотров

Отандық кәсіпкерлерге Қытай нарығына шығуға болатын бірегей мүмкіндік беріледі

 Жалпы ауданы 6500 шаршы метрді құрайтын Qaz Luimiere жаңа сауда орталығы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде орналасқан. Гипермаркеттің ресми ашылуы 2019 жыл 1 мамырға жоспарланып отыр.  Орталықтың бірінші жалға алушылары қатарында Грузия (арақ-шарап өнімі), Украина (былғары өнімдері), ҚХР (косметика) кәсіпкерлері болды. Жалға алудың айырықша шарттары 1-15 мамыр арылығында Қазақстан-Қытай жәрмеңкесі күндері жүзеге асады. Осы кезеңде кәсіпкерлер көрме стендін (150 000 теңге) алу үшін ғана шығындалатын болады.

 «Бұл көрме кәсіпкер «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мүмкіндіктерін көруі үшін өткізіліп жатыр. Кәсіпкерге нарықты талдауға: қай жерде бағдарлану керек, жеке тауарға сұранысты бағалау жүргізуге мүмкіндік беріп отырмыз. Ары қарай біз көрмені жарнамалау мақсатында Қытай тарапынан жарнама агенттігін жұмылдырамыз. Көрменің өзінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бұл Қытай нарығына шығудың бірігей мүмкіндігі. Өндірушілер «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына тауарларын жеткізіп, көрме стендін сатып алудан басқа шығындалмайды. Жалға алушыларға келетін болсақ, әрқайсысын жеке қараудамыз, жалға алынып жатқан орынжайдың көлеміне қарай жеңілдіктер, жеңілдік кезеңдері қарастырылған. Барлық өндірушілермен, ұйымдармен іскерлік қарым-қатынасқа дайынбыз», – деді «Qaz Lumiere» сауда орталығының атқарушы директоры Нариман Закирьянов.

Көрмеге Қазақстан, ТМД елдері және жақын шет ел тауар өндірушілері қатысуға шақырылады. Qaz Luimiere арнайы экономикалық аймақта орналасуы қазақстандық бизнеске – арнайы салықтық режимге сәйкес салық төлемдерін жасамай кәсіпкерлік қызметті жүргізуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сауда орталығы іскерлік кездесулерге, Қазақстан мен ТМД елдеріне шығарылатын өнімдермен таныстыру, сауда-саттық және бос уақытты өткізуге арналған  тиімді іс-шаралардың алаңына айналады. Бұл іс-шара жақын және алыс шет елдердің іскер топтары мен туристерінің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін, бірінші кезекте Қытайдын көпмиллионды нарығына шығу, халықаралық сауданы дамытудың мүмкіндігі.


 Келесі тауарлар көрме экспонаты бола алады:

  • Алкоголь өнімдері;
  • сигареттер, сигаралар, темекі;
  • киім-кешек, аяқ киім;
  • шоколад, кәмпиттер;
  • құрғақ сүт;
  • ұн өнімдері (ұн, макарон өнімдері және т.б.);
  • жиһаз;
  • ыдыс аяқ;
  • дастархан, перделер және т.б.;
  • жарық құрылғылар;
  • шағын-бұрқақтар;
  • фитодизайн;
  • экодизайн

мына тауарларға тыйым салынған:

  • жаңа ауланған балық;
  • жұмыртқа;
  • шұжық өнімдері;
  • уылдырық;
  • жеміс-жидек;
  • сүт өнімдері;
  • өсімдік тұқымдары (көкөніс, гүлдердің тұқымы және т.б.);
  • алтын

 Ұйымдастырушылар экспонаттарды іріктеу құқығына ие. Көрме қатысушыларға сәйкес сыяпат көрсетіледі. Жеңімпаздар лауреат дипломдарымен марапатталады. Көрмеге қатысу өтінімдері 1 наурыз 10 сәуір аралығында мына электронды пошта арқылы қабылданады: a.tastanbekova@atameken.kz.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер