«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытайдың Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитетінің өкілі Чэнь Хунцян қызылордалық кәсіпкерлермен кездесті

2022 жылғы 22 Қазан
- Қызылорда облысы
9102 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Қытайдың Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитетінің Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі Чэнь Хунцян аймақ кәсіпкерлерімен кездесті.

Қытайдың Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитеті бизнес қауымдастықпен инвестиция және сауда бойынша әріптестік қарым-қатынас құруға ықпал ететін беделді ұйым.

Кездесуде Чэнь Хунцян мырза Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапарынан кейін қос елдің кәсіпкерлік саласына қатысты қызығушылық артқанын жеткізді. Сыр өңіріне сапарының да мақсаты осыда екен.

Кездесуге өндіріс, мұнай,  темір жол тасымалы және өзге де салаларда қызмет көрсететін, тауар шығаратын  кәсіпкерлер келді.

Қызылордалық кәсіпкерлер жоспарларымен бөлісіп, іскерлік қарым-қатынас орнатуға әзір екендіктерін жеткізді.

Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов кездесудің қос тарап үшін де тиімділігін айта келіп, бірлескен жоба жасауға шақырды.

«Марал Нұр» ЖШС-нің басшылары темір жол саласы бойынша бірге жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізсе, «Квант» ЖШС директоры Жаңабай Бекішев зауытқа қажетті жабдықтарды алдыруда жеткізілу мерзімінің ұзақтығына тоқталды. Кәсіпкер Болат Нұрхожаев мәселенің шешімі ретінде Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитетінің өңірлерде де өкілдігі ашылса деген ұсынысын берді.

«Біз де Кәсіпкерлер палатасы тарапынан өз кәсіпкерлеріміздің, сондай-ақ инвестиция құйғысы келетін қытайлық бизнес өкілдерінің де жобаларын сүйемелдеуге қолдау көрсететін боламыз», – деді кездесуде Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Кәсіпкерлер палатасы қытайлық бизнес өкілдерімен байланыс орнатуға ниетті қызылордалық кәсіпкерлер болса Палатаға хабарласуын сұрайды.

Мекен-жайымыз:Қызылорда қаласы, Қорқыт ата 123, «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының 3-қабаты. Байланыс телефоны 8 /7242/ 40-09-81.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер