«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тігін фабрикасы колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуына атсалысады

2019 жылғы 26 Ақпан
- Ақтөбе облысы
6859 просмотров

«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Ақтөбе сервис колледжі және «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС арасында әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты келісімшарт жасалды. Бұл құжат колледж студенттерін «тігін ісі» мамандығы бойынша дуальді оқытуды ұйымдастыру және студенттерді ары қарай кәсіпорындарда жұмыспен қамтылуына атсалысу мақсатында тараптардың өзара ынтымақтастығын қарастырады

Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2017 жылы «Глобал-Спецодежда» ЖШС және Ақтөбе сервис колледжі әлеуметтік әріптестік туралы келісімшартқақол қойған болатын, келісімнің шеңберінде колледж студенттері тігін кәсіпорны базасында өндірістік оқу мен практикадан өткен.

Биыл компания колледж студенттеріне жұмысқа тұруға көмектесуді қолға алды. Бұл мақсат бүгін үшжақты келісімге қол қоюмен бекітіліді. Мұндай бастама  жұмыс берушіге байланысты ақпаратты білмегені себепті мамандық бойынша жұмысты бірден таба алмайтын колледж студенттеріне көмектесу масқатында қолға алынған.

Кәсіпкерлер палатасы, сервис колледжі және «ПО Глобал-Спецодежда»  ЖШС арасындағы  әлеуметтік әріптестік туралы келісімшарт  кәсіби дайындық, сервис колледжінің оқу-өндірістік базасы және тігін кәсіпорынның өндірістік базасында оқу және тағылымдамадан өтуін қоса алғанда жеңіл өнеркәсіп саласына  мамандарды дайындау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ынтымақтастық орнату мақсатында қабылданған.

«Екінші курс студентімін. Теориялық білімімді өндірісте шындауға, жаңа тігін жабдығында жұмыс істеуге мүмкіндік туды. Ал меморандум қабылданған соң енді жұмысқа тұратыныма сенімдімін. Осындай кәсіпорынды болашақта ашу арманым. Тігін ісіне мақсатты оқып жатырмын. Анам бос уақытында тігеді және бұл іс қыз балаға өте маңызды екенін үнемі айтып отырады», – деді сервис колледжінің студенті Асылай Ермұхан.  

«Глобал-Спецодежда»  компаниясы нарықта 15 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді әр өңірдегі жеңіл өнеркәсібі саласында ірі кәсіпорындарының бірі болып саналады. Компанияны Надежда Шабаева басқарып отыр. Тігін кәсіпорны мұнай-химия, металлургия, тау-кен қазу, электр энергиясы, құрылыс, күзет құрылымы және басқа да салалардағы қызметкерлерге арнайы киім формаларын, сонымен қатара медицина киімдері, қызмет көрсету саласына – клинингтік компанияларына киім үлгілерін тігеді.  

 Компания жастармен үлкен жұмыс жүргізіп отыр. Осылайша 2018 жылы «Атамекен» ҰКП, «ПО Глобал-спецодежда» және «Мейірім» жастарды бейімдеу орталығы арасында Ынтымақтастық туралы меморнадум қабылданды. Жасөспірімдер үйі базасында компания тігін өндірісін құрып, онда жастарды оқытып, оларға жұмыс орындарын ұсынады.

«Үміт-Надежда» оқу-өндірістік кешенді ашу бойынша корпоративті жұмыс жүргізілді. Орталықта «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында жұмыссыздар оқиды.

 «Кәсіптік-техникалық оқу орны және бизнес-құрылымы өкілі арасындағы әлеуметтік әріптестік ары қарай да жалғасады, мұндай шара жергілікті деңгейде мамандарды сапалы дайындауға қолайлы жағдай жасайды. Демек колледж кәсіпорынға студенттерді жібереді, студенттер бірден өндірістік үдерісіне кірісіп, мамандықты шыңдай алады», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова.

«Облыста Дуальді оқытуды енгізу жол картасы 13 басым бағыт, 39 мамандық және 47 біліктілік бойынша жүзеге асуда. Бүгінде 302 кәсіпорын Дуальді білім беруді жүзеге асыру жол картасына қатысып жатыр. Осылай облысы кәсіпорындары өздерін сапалы мамандарды  қамтамасыз ете алады», – деді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Дәмиля Құнанова.

 Бұдан бөлек, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда. Осы бағдарлама аясында кәсіпорындар жанынан 11 оқу орталығы жұмыс істеп жатыр, былтыр онда 413 жұмыссыз оқып шықты. Сонымен қатара Палата колледждерге әлеуметтік әріптес ретінде өз базасында студенттерді дайындайтын кәсіпорындарды тарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр.

 Іс-шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова, ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің директоры Дәмиля Құнанова, Ақтөбе сервис колледжінің директоры Гүлнара Сахатова, оқытушылар, өндірістік оқу шеберлері, колледж студенттері қатысты.

 Іс-шара барысында кәсіпорын басшылығы үздік студенттер мен өндірістік оқу шеберлеріне алғыс хаттармен марапаттады.

 «Ары қарай практиканттар арасында үздіктерге іріктеу жүргіземіз де өзімізге мамандарды өсіреміз, оларды кәсіпорын есебінен жоғары оқу орындарда оқытатын боламыз. Қазірдің өзінде үшінші курстан екі студентті алып қалдық, олардың ресейлік жоғары оқу орнындағы оқуын төлеп жатырмыз. Компаниямыз жаңа жабдық сатып алды, дәл осы студенттер бізге конструктор-маман болып келеді. Сонымен қатар біз «Жақсылық жаса» акциясын жүргізіп жатырмыз. Сервис колледжінің екінші курс студенттерімен бірге 80 төсек тысы жиынтығын тіктік, оларды «Мейірім» әлеуметтік үйіне сыйға тартамыз. Осылайша жастарды қайырымдылық жасауға баулып жатырмыз», – деді «Глобал-Спецодежда» тігін кәсіпорнының жетекшісі Надежда Шабаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер