«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сатып алулар мәселесі және мемлекеттік органдардың қарызы талқыланды

2019 жылғы 21 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
5465 просмотров

Сатып алулар саласындағы мәселелер, атқарылған жұмыстар бойынша мемлекеттік органдардың төлем жасамауы мәселелері БҚО Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне шығарылды. Бизнес үшін аталған мәселелер өте өзекті.

Анықталғандай, 2018 жыл ішінде облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне бизнес субъектілерінен 453 өтінім келіп түскен. 430 өтінім – мемлекеттік органдар жанынан құрылған байқау комиссиялары қызметіне қатысты шағымдар, тексеру кезінде 289 шағым расталып отыр.

«АлТим» құрылыс фирмасы «БҚО Теректі ауданы Сары Өмір ауылында орналасқан 48 орындық сауықтыру лагерін салу» байқауы бойынша БҚО Құрылыс басқармасының байқау комиссиясына шағымданды. Заңсыз  әрекеттер «АВМ Элит» ЖШС әлеуетті жеткізушіні байқауға негізсіз қосуда орын алды, бұл фирма соңында жеңімпаз болып танылған. Камералды бақылау барысында «АВМ Элит» ЖШС қосалқы мердігер – «СК Барыс Строй Сервис» ЖШС-сыны тартқан, ал бұл компанияның іздеуші жұмыстарды жүргізу лицензиясы және жұмысты орындау бойынша қосалқы мердігердің біліктілігі туралы мәліметтер болмағаны анықталды. Хабарлама негізінде байқау қорытындысы заңнамаға сәйкес жүргізілді. Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазы болып 57,9 млн теңге бағамен «АлТим» құрылыс фирмасы танылды», – деп атап өтті БҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жетекшісінің орынбасары Виталий Пак.

Мемлекеттік сатып алулар процедураларын оңтайландыру мақсатында заңға түзетілер биылдан бастап енгізілген. Кейбір жаңашылдықтар отырысқа қатысушылардың қызу талқысына салынды. «West tech» ЖШС директоры Руслан Сатыбалдиннің пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа тәуекелі жоғары, ашық емес бір көзден жүргізілетін сатып алулар. Мемлекеттік органдар оны «өз танысы» – өнім жеткізушіге береді, ары қарай онымен тікелей жұмыс істейді.

«Тәуекелдер бар, сондықтан Кеңеске өзгерістер енгізу бойынша мәселені көтеруді ұсынамын. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу жасалса, онда тапсырыс беруші кем дегенде үш әлеуетті өнім берушінінің ұсыныстарын сұратуы үшін және кейін ең төмен ұсынғанымен жұмыс істеуі үшін  Ережелердің 378-1-тармағы 42-тармақшасын толықтыру қажет», – деді БҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі Виталий Пак.

Бұған қоса жиынға қатысушылардан «Сатып алулар туралы» заңның басқа да ашық емес тармақтарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар түсті. Ұсыныстардың барлығы жүйеленіп, жазбаша түрде сәйкес органдардың қарауына жіберіледі.

 Кәсіпкерлер үшін мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан қарызды өндіріп алу мәселесі де өзекті.  

 «18 ақпанға орындалуыға тиіс  6 орындау құжаты жатыр. Мәселен, «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына Жаңақала ауданы әкімдігінің «Коммунал» МКМ 11 642 385 теңге қарыз болған, ал Подстепенов ауылдық округі әкімдігі аппаратының «Луч» жеке кәсіпкерлігі алдындағы қарызы 723 611 теңгеге тең, Зеленов аудандық ауруханасы 1 566 985 теңге «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-на қарызданған. Сот орындаушылары тап болатын негізгі мәселе – мемлекеттік органдарда осы сомаларды өтеуге қарастырылған қаражаттың болмауы», – деді БҚО Әділет департаментінің өкілі Айсұлу Тұқашева.  

Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан қарызды талап етумен тек мемлекеттік сот орындаушылар айналысады, ал олар Орал қаласы бойынша бесеу ғана. Осы функцияларды егер жеке сот орындаушыларға берсе, олар бірден шоттарды бұғаттап, мемлекеттік органдардың жұмысын тежейтін еді.

 «Демек, егер борышкер бизнес өкілі болса, сіздер бәрін бұғаттайсыздар, ал борышкер мемлекеттік орган болса, онда оған қарызды бірнеше жыл өтеуге рұқсат беріледі. Бұл мәселеде бірдей жағдай жасалуы керек», – деп санайды кәсіпкер Борис Лаврентьев.

Талдау көрсеткендей, сот орындаушылар заңды ұстанбай өндіріп алу мерзімдерін асырып тастайды.  

 «Мысалы, облыстық клиникалық аурухананың «Казтрансгазаймак» АҚ алдындағы қарызы бекітілген екі ай бойы өндіріп алынған. Бұдан ұзақ мерізмдер бар. Осылайша «Темірбанк» АҚ пайдасына орындаушылық өндіріс бойынша өндіріп алу 4 жылға созылған», – деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бөлім бастығы Гүлнар Ибрашева.

 Осы ретте мамандар соңғы жылдар орындау қызметінде мерзімдер бойынша ситуация жақсы жағына қарай өзгергенін алға тартады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнендегі  кеңес жұмысын қорытындылай келе, Кеңес мүшелері –  белгіленген бұзушылықтар бойынша бизнес алдындағы қарызды өтеуге бюджеттік қаражатты бөлу мәселелерін қарау үшін  прокуратура, облыстың Қоғамдық кеңесі және өкілетті органдарға жүгінуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер