«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі кәсіпкер жобасына сүйемелдеу көрсетеді

2019 жылғы 06 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8903 просмотров

Бизнесменге құрылыс материалдарын тікелей жеткізілімдері мәселелерінде «Атамекен» ҰКП мен жобалық кеңсе сүйемелдеу көрсететін болады

Саян Жолмұхамбетов қалада алғашқы замануи көпфункциялы Салтанат сарайын салып жатыр. Құрылыс бастауға керек барлық рұқсат құжаттар бар. Ғимараттың іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр. Мсәеле құрылыс материалдарын сатып алуда туды.

 «Ракушеблокты тікелей Маңғыстау облысынан сатып алғымыз келеді. Оларға тікелей шығуға мүмкіндігіміз жоқ. Ал карьерде отырған делдалдар арқылы сатып алу қымбатқа түсіп тұр. Тура осындай жағдай жеткізілім жасайтын вагондармен орын алған. ҚТЖ-дан вагондарды, Маңғыстаудан кірпіштерді делдалдарсыз қалай алуға болады? Өндірушінің өзінен алсақ, шығындарымыз азаяды. Кірпіш бізде 160 теңге тұрады, тікелей сатып алсам, 1 кірпішке 80-90 теңге төлеймін. Жақсы үнемдеу. Маған керегі 3 вагон кірпіш», – деді кәсіпкер.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері хабарлағандай, құрылыс объектісіне сүйемелдеу және құрылыс материалдарын сатып алу «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсе шеңберінде жүргізілмек.

«Кәсіпкер кедергілерге тап болған. Кәсіпкердің өтінімін қараусыз қалдырмадық. «Ақтөбе-адалдық алаңы» өкілдерімен бірге біз кәсіпкерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ операторына шығардық, ҚТЖ өкілі кәсіпкермен делдалдарсыз келісімшарт жасап, вагондарды бере алады. Осылайша кәсіпкерді Маңғыстау облысында кірпіш өндірушімен келіссөзін ұйымдастырамыз. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр», – деді ӨКП директорының орынбасары Руслан Күйшінов.

Айта кетелік, бұрынырақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл кәсіпкерге «Protecting business and investment» инвесторларға  жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу көрсету бойынша жоба шеңберінде Ақтөбе облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл жөніндегі агенттігі департментімен бірлесіп, жер мәселесін шешу бойынша көмек көрсеткен.

 Жобалық кеңсе ашылған соң бизнесті қорғау бойынша жоба «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне өтті. «Ақтөбе-адалдық алаңы» жетекшісінің орынбасары Ақансері Сұлтанбековтың айтуынша, хромтаулық кәсіпкердің құрылыс жобасы объекті пайдалануға берілгенше кеңсе және «Атамекен» ӨКП сүйемелдеуінде болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер