«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бақылау-кассалық машиналарды сатып алуда салықтық жеңілдіктер жасалады

2019 жылғы 04 Ақпан
9290 просмотров

Бақылау-кассалық машиналарды міндетті қолдануға ауыртпалықсыз ету және  шағын кәсіпкерлік субъектілері, егер олар баықлау-кассалық машиналарды  2019 жылы сатып алған жағдайда, көтеретін шығындарды өтеу мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынталандыру сипаттағы шараларды ұсынды:

Бұл ұсыныстар қазіргі таңда ҚР Парламенті Сенатының қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында көрініс тапты.

 Заң жобасы салықтық ауыртпалықты төмендету мүмкіндігін қарастырады:

  • Патент негізінде арнайы режимді қолданушы тұлғаларға, жеке табыс салығының сомасы бір дана онлайн бақылау-кассалық машинаны 60 000 теңге көлемінде сатып алу жағдайында (бірақ салықтық кезең ішінде төленген салық сомасының 50%-нан аспауы тиіс) төмендетуге қарай түзетуге жатады (төмендету салық кезеңінің патент құнының соңғы есептелуінде жүргізіледі);
  • Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салықтық режимді қолданатын тұлғаларға, жеке табыс салығының сомасы бір дана онлайн бақылау-кассалық машинаны 60 000 теңге көлемінде сатып алу жағдайында (екі жартыжылдық үшін төленген салық сомасының 50%-нан аспауы тиіс) төмендетуге қарай түзетуге жатады (бірақ төмендету күтізбелік жылдың екінші жартысындағы жеңілдетілген декларацияны көрсеткен жағдайда жүргізіледі).

Мысал үшін қызметін жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі шеңберінде жүргізетін кәсіпкерді алайық. 2019 жыл ақпан айында бұл кәсіпкер 70 мың теңгеге онлай бақылау-кассалық машинаны сатып алады.

Салықтық ауыртпалықты Салық кодексіне ұсынылып отырған өзгертулер негізінде есептеу:

2019 жылдың І жартысында айналым 4 млн теңге, ІІ жартысында – 5 млн теңгені құрады

ІІ жартыжылдық үшін салық есептеу   (айналымнан 3%)

5 млн теңге * 3% = 150 мың теңге

ІІ жартыжылдық үшін жеке табыс салығын есептеу   (салық сомасынан 50%)

150 мың теңге * 50% = 75 мың теңге

Онлай бақылау-кассалық машинаны сатып алумен байланысты түзетулерді есептеу:

-- екі жартыжылдық үшін айналым

4 млн + 5 млн = 9 млн теңге

-- екі жартыжылдық үшін салық сомасы

9 млн теңге * 3% = 270 мың теңге

-- екі жартыжылдық үшін  жеке табыс салығының сомасы  

270 мың теңге * 50% = 135 мың теңге

-- онайн БКМ сатып алу үшін төмендетуді есептеу  

135 мың теңге * 50 % = 67.5 мың теңге (өйткені 60 мың теңгеге тең Заң жобасы қарастырған максималды мөлшерден асады)

-- ІІ жартыжылдықта жеңілдетілген декларация бойынша төлем үшін түзетуді еспетеумен жеке табыс салығының сомасы

 

 

75 мың теңге – 60 мың теңге = 15 мың теңге

(БҚМ сомасы 60 мың теңгені құрайды, төмендету мөлшері 60 мың теңгеден асып тұр, кәсіпкер Заң жобасымен қарастырылған төмендетудің максималды мөлшерін пайдалануға құқылы)

Осылайша, кәсіпкер екінші жартыжылдық үшін жеңілдетілген декларацияны көрсеткен жағдайда жеке табыс салығы бойынша салықтық ауыртпалығын төмендете алады, жеке табыс салығы 15 мың теңгені (75 мың теңге орнына) құрайды.

Егер кәсіпкерлер 2019-2020 жылдар (есептеу, бақылау-кассалық машина және POS-терминалдан тұратын)  аралығында үшқұрауышты интеграцияланған жүйені сатып алатын болса Заң, жобасы салықтық ауыртпалықты төмендету бойынша тура осындай нормаларды қарастырады.

Бұған қоса, Заң жобасында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін шектін мәнді ұлғайту мақсатында, егер олар үш құрауышты интеграцияланған жүйені міндетті түрде пайдалану арқылы қолма-қолсыз  төлем жасаған болса, осы режимді сақтау үшін  шектеу деңгейін 70 048 АЕК-ке арттыру (2019 жылға лимит көлемі шамамен 231,6 млн теңгені құрайды), сонымен қатар ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюға арналған ең төменгі шекті 114 184 АЕК-ке арттыру қарастырылған (2019 жылға шектеу шамамен 364 млн теңгені құрайды).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер