«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Онлайн дерек беру функциясы бар БКМ: заң кімге жүрмейді?

2016 жылғы 19 Қаңтар
32071 просмотров

Интернетке шыға алмайтын ауылдық кәсіпкерлер деректерді онлайн беру функциясы бар БКМ қолданбауға құқылы

«Атамекен» ҚР ҰКП Салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова осылай деп хабарлады.

Департамент директоры 1990 жылдардан бері барлық отандық кәсіпкерлердің салықшылардың бизнесмендер табысын бақылауына мүмкіндік беретін әдеттегі бақылау-кассалық машиналарды қолданып жүргенін түсіндіріп кетті.

«Былтырғы жылдан бері БКМ басқа бір үлгісі – деректерді онлайн беретін түрі енгізілуде. Оны барлық кәсіпкерлер орнатуға тиіс. 2015 жылғы шілде айынан бері аталмыш аппаратты алкоголь өнімін сатушылар, сондай-ақ бензин құю бекеті иегерлері қолданып жүр. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне сәйкес БКМ орнату талабы түрлі салаларда бизнес жүргізіп жүрген қалған кәсіпкерлерге де таралады. Үкімет деректерді онлайн беретін БКМ қолданылуға тиіс жекелеген қызмет түрлерінің тізбесін өткен жылдың желтоқсан айында бекітіп, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе сайтында жарияланған болатын», - деп атады Жеңіс Жанболатова.

Оның айтуынша, бұдан былай ағаш материалдар, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды, металл бұйымдарды, су құбыры және жылу жабдықтары мен құрал-саймандарын көтерме сатумен, компьютерлерді, шеткері жабдықтарды және бағдарламалық жасақтамаларды, аудио және бейне техниканы, электрлі тұрмыстық аспаптарды, жиһазды, жарықтандыру жарақтарымен және басқа да тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек сатумен айналысатын бизнесмендер табыстарын, тікелей, онлайн-режимде ұсынуға тиіс. Онлайн дерек беретін ККМ-ны сонымен қатар қонақүйлер, мейрамханалар, шаштараздар мен сұлулық салондары, сонымен қатар азық-түлік жеткізумен және кинофильм көрсетумен айналысатындар да орнатуға тиіс.

Кәсіпкер бақылау-кассалық машинаның қандай үлгісін таңдайтынын өзі шешуге құқылы. Бір айта кететіні, БКМ Мемлекеттік тізілімінде шамамен 20 түрі бар (бірқатар модельдер POS-терминалдармен біріктірілген БКМ болып келеді):

АТРОН 200Ф KZ online
Миника 1102 ФKZ (Online KZ нұсқасы)
Меркурий - 115 ФKZ (Online KZ нұсқасы)
Меркурий 130 ФKZ (Online KZ нұсқасы)
Меркурий 180 ФKZ (Online KZ нұсқасы)
ПОРТ МР-55В ФKZ ОФД нұсқасы
ПОРТ FPG-60 ФKZ
ПОРТ FPG-300 ФKZ
ПОРТ DPG-25 ФKZ
ПОРТ FPG-1000 ФKZ
ПОРТ DPG-35 ФКZ ломбардтар мен шыны ыдыстар қабылдау орындарына арналған
Штрих-mobile-ККМ-KZ
Штрих-MPAY-K-KZ
ЭКР 2102 ФKZ (Online KZ нұсқасы)
PAX S80 NORD OnlineKZ (1.1 нұсқасы)
IKKM-Light-KZ
IKKM-touch-KZ
IKKM-standart-KZ
YARUS-TK-ON-KZ
YARUS TK KZ online ОФД.

Оның үстіне, аппаратты сатып алу бизнесменге ауыртпалық болмас үшін, БКМ техникалық талаптарына өзгертулер енгізілген. Оларға сәйкес Мемлекеттік тізілімге енгізілген БКМ үшін 2015 жылғы 1 шілдеге дейін бір немесе одан көп тәуелсіз байланыс арнасының міндетті болуы талап етіледі. Кәсіпкерде бұрыннан бар БКМ-ны модернизациялау мүмкіндігі бар.

Сонымен бірге, онлайн дерек беретін БКМ орнату міндетті ме, қандай да бір себептермен аппаратты сатып алуға үлгермегендерге айыппұл салынады ма деген сияқты көптеген сауалдар туындауда. 

«Деректерді онлайн беретін бақылау-кассалық машиналарды орнату қажет. Бұл үкіметтік тізімде көрсетілген барлық кәсіпкерлерге қатысты», - деп атады «Атамекен» ҚР ҰКП Салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар әзірше онлайн дерек беретін БКМ сатып алуға үлгермеген кәсіпкерлерге айыппұл салмайды: ҰКП аталмыш мәселе төңірегінде ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитетімен тұрақты негізде әрекеттесіп отыр.

«Қазір мемлекеттік табыс органдары деректер беру функциясы бар БКМ орнатуға міндетті кәсіпкерлерге қатысты бақылау іс-шараларын жүзеге асырмай жатқанмен, уәкілетті органдар салық төлеушілердің фискалдық деректерді беру жүйесіне қосылуына мониторинг жүргізуде. Деректерді онлайн беретін БКМ қосылуы динамикасы төмен болған жағдайда мемлекеттік табыс органдары салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында сәйкес шаралар қолданады», - деді Жеңіс Жанболатова.

Онлайн дерек беретін БКМ орнату үшін IP VPN қызметін ұйымдастыру бойынша технологиялық шектеулері бар Әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесімен мына жерде танысуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер