«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан облысының үздік бизнес-жобалары қатарына «Бастау» өңдеу зауыты енді

2019 жылғы 11 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
9533 просмотров

 Батыс Қазақстан облысы 2018 жылдың 11 айы қорытындысында өнеркәсіптік өндірісі көлемі бойынша республикада 4-орынды еншіледі

Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40,1% құрады, бұл ел бойынша үшінші көрсеткіш. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінде Орал аймағы 4 орында, ал Теректі ауданы республикалық деңгейдегі үздік аудан болып танылды.

Былтыр облыс бойынша 10 жаңа жоба жүзеге асты. Күрделі жөндау жұмыстарынан кейін Теректі ауданында май зауыты қайтадан іске қосылды. Жергілікті инвестор кәсіпорынға 1 млрд теңге қаражат құйды. Қазіргі таңда мұнда рафинадталған және рафинадталмаған сұйық сығымдағы май шығарылады. Келешекте зауытта маргаринді өндіру жоспарланған. Жаңа жабдық тізбегі де сатып алынды.

 «Екі жыл бұрын осы нысанды қабылдадық. Ол кезде зауыт жылына 20 мыңнан астам тонна өндіретін. Жаңғырту жұмыстарынан кейін біз өнімділікті жылына 45 мың тоннаға дейін ұлғайттық. Егер бұрын май шығу 30%-ды құраса, қазір 45%-ға ұлғайды», – деді  «Белес Агро» ЖШС директоры Мұрат Жәкібаев.

 «Кублей» ЖШС ширек ғасыр бойы жоғары сапалы өнім шығарып келеді. Компания ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері, консервілердің ауқымды ассортиментін шығару бойныша отандық нарықтың көшбасшысы. Бұл жүзден астам аталым: ет, балық, жеміс-көкөніс консервілері, дайын түскі астар. «Кублей» компаниясының инвестициялық стратегиясы өнім тізбегін үнемі кеңейтуге жаңа өндірістік қуаттылықты игеруге бағытталған. Осы бағытты ұстану арқылы кәсіпорында биыл малдан шыққан қалдықтарды өңдеу бойынша цех ашылды. Иран Республикасы, Ресей, Түрікменстан және Қырғызстанмен ынтымақтасқан, енді жергілікті компания шетелдік нарықты игеруде. Батыс Қазақстан облысынан еттің бірінші партиясы Қытайға аттанды.

Жылдың соңында Батыс Қазақстан облысында көкөніс пен жемісті өңдейтін тағы бір зауыт ашылды. Құны 100 млн теңге амбицияға толы жобаны «Бастаудың» 2017 жылғы 6 легінің түлегі ашты. Кәсіпорында жылына 3 мың тонна өнім шығарылмақ,  оның 85%-ы экспортқа кетеді. Жобаның өміршеңдігіне Мәди Әбуғалиев басынан баға берген, әріптестермен келіссөздер мен келісімдер жолға қойылған. Енді айналымдарды ұлғайту ғана қалды.  

 «Өнімге деген сұранысты, өтімділігін зерттедік. Мәселен, егер консервілерді сырттан тасымалдаса, өнімнің бір банкасы 500 теңге тұрады делік, оған көлік шығандарын және жеке пайданы қосу керек. Нәтижесінде бағасы 700 теңге төңірегінде болады. Егер өзіміз шығаратын болсақ, онда сол 500 теңге көлемінде сатуға болады», – деді «DMD PRODUCTION» ЖШС директоры Мәди Әбуғалиев.

Жылдың соңында «Орал Кабель» ЖШС зауытының құрылыс жұмыстары аяқталды. 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Зауыт қазірдің өзінде батыс өңірге арнап  құрылыс индустриясына кабельді шығарып жатыр.

 «Бір минут ішінде 800 метр кабель шығарылады, яғни зауытымыз 1 сағат ішінде 48 мың метр кабель шығара алады. Айына 500 тонна мысты өңдейміз. Қазіргі таңда зауыт толық қуаттылыққа өтпек», – деді «Орал Кабель» ЖШС құрылтайшысы «Орал Кабель» Роберт Ирменов.

 Кәсіпкерлерді қолдау картасы аясында ІІ бесжылдықта жалпы сомасы 95,4 млрд теңге көлемінде 38 жоба іске асуда, 1715 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

 «Агран» компаниясы өндіретін сэндвич-панельдерді маңызды жобалардың бірі ретінде айтып кетуге болады. Тағы өңіріміз үшін керекті бірегей жоба – канадалық инвесторлармен бірлесе химиялық реагенттерді шығару бойынша зауыттың құрылысы. Жалпы 2019-2020 жылдары сомасы 4,1 млрд теңге көлемінде 6 жобаны іске қосу жоспарланған. Трансформаторларға арналған панельлді радиаторларды өндіру, кірпіш зауытын ашу, шөлмектелген суды құю бойынша цех ашу сынды инновациялық жобалар да бар», – деді БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жетекшісінің орынбасары Хасен Тоясов.

Былтыр жүзеге асқан жобалардың басым бөлігі агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясына қатысты. Инвесторларды қорғау жөніндегі кеңестің отырысында тағы 12-ден астам жоба қолдау тапты. Осылайша мемлекеттік қолдау инвесторлар мен жергілікті бизнесмендерге көмектесуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер