«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер жатақхана салып, пайда таба алады

2018 жылғы 14 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
7979 просмотров

Батыс Қазақстан облысы студенттік жатақханаларға қажеттілік бойынша республикада үшінші орында тұр. Қазіргі таңда жатақхана 1800 батысқазақстандық студентке керек, оның ішінде 500-і жоғары оқу орындарда, 1300 студент колледждерде оқиды.

Бұл мәселені республика деңгейінде шешуге «Қаржы орталығы» АҚ мамандары кірісті. Қазан айында Бюджет кодексі мен «Білім туралы» заңдардың актілеріне тиісті өзгерулер енгізілді. ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге мемлекеттік тапсырысты бөлу механизмі әзірленді. Осыйлайша кәсіпкер, ЖОО немесе колледж жатақхана салып, 8 жыл бойына мемлекеттік тапсырысты алып отыра алады.

 «Егер бұл жаңа құрылыс болса, онда студенттік әр жатын орын үшін 122 АЕК төленеді. Егер бұл ескі ғимаратты қонақүй, бизнес-орталығын жатақханаға реконструкциялау жұмысы болса, онда   47 АЕК 8 жыл бойына қарастырылған.  Айталық, 500 орынға шақталған жатақхана құрылысы 2019 жылы басталып 2020 жылы аяқталды. 2020 жылы АЕК құны 2613 теңгені құрайтын болады. 122 АЕК-ті 2613 теңгеге көбейтеміз (318 786 теңге), сосын 500 орынға көбейтеміз. Нәтижесінде Қаржы орталығы жылына жатақхана иесіне 159 млн теңге төлейтін болады. Белгіленген 8 жыл ішінде шамамен 1  млрд 280 миллион теңге болады. Түрлі есептеулер бойынша өтемақы құны 80-100%, кей жерде тіпті 200%-ды құрап отыр. Барлығы қандай жобалық-сметалық құжаттама әзірленетініне байланысты», – деді «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Алпамыс Сатыбалдин.

Осы ретте кейбір түйткілді мәселелер бойынша кәсіпкерлерге, БҚО Білім басқармалары, колледждер мен жоғары оқу орындары өкілдеріне түсіндірме жасалды. Ең түйткілді мәселе жерге қатысты болды. Егер оқу орынның құрылысқа арналған жер учаскесі болса, білім ордасы оны кәсіпкерге өзі бере салуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайда барлық процедура әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады, ӘКК, сондай-ақ инвестор бола алады. Айта кетелік, егер қаражаты болса оқу орны жатақхананы өзі сала алады.

 «Механизмге сәйкес келісімшарт үш тарап – Білім және ғылым министрлігі, Қаржы орталығы және (инвестор ЖОО немесе колледж түрінде) жатақхана иесі арасында жасалады. Кейін ол қазынашылдықта тіркеліп, жатақхана пайдалануға берілгенде, мемлекеттік сатып алулар порталында келісімшарт жасалады. Ең кемі 20 жыл ішінде жатақхана иесі нысаналық мақсатты өзгерте алмайды. Жатақхана ағаш немесе каркасты материалдардан салынбауы керек.  Пайдалану мерзімі 50 жылдан көп емес», – деді Алпамыс Сатыбалдин.                                                

 Жатақхана базасында нысан иесі коммерциялық алаңдарды құра алады. Осылайша асханалар, шаштараздар, тренажерлық залдар әдетте бірінші қабатта орналасады. Студенттерден алынатын төлемдер коммуналдық шығындарға жұмсалады, ал мемлекеттік тапсырыс тұрақты табысты қамтамасыз етеді. Осы ретте мұндай төлемдер алғашқы жылы ғана нақты пайдаланылған орындар үшін төленеді. Мәселен, егер жобалық қуаттылық 500 орын болса, ал бірінші жылы 200 студент болса, Қаржы орталығы 400 орынға төлем жасайды.

Осы механизм жайында толық ақпаратты «Қаржы орталығы» АҚ сайтынан білуге болады.

 Студенттік жатақханаларды МЖӘ механизмі бойынша да салуға болады. Жылдан жылға жатақханаға деген сұраныс артып келеді. БҚО әкімдігінің мәліметі бойынша 5 жатақхана құрылысы жоспарланып отыр, осылайша орын алған мәселе 2021 жылға дейін шешімін табады. Білім беру басқармасы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын бастап кетті, сондықтан инвесторлар оған  қосымша ақша шығармайды. Сонымен қатар бұл нарықта бәсекелестік жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер