«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысында жылдық жұмысқа қорытынды жасалды

2018 жылғы 14 Желтоқсан
- Павлодар облысы
8402 просмотров

Павлодарлық бизнесмендердің 1,2 млрд теңге көлемінде құқықтары қорғалды

2018 жыл ішінде «Атамекен» Өңірлік кеңесіне бизнес субъектілерінен 194 өтінім түсті, оның ішінде 99-ы ӨКП сарапшыларының араласуымен оң шешілді.

Мұндай деректерді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арынов өңір кәсіпкерлерінің кеңейтілген отырысында айтты.   

Оның айтуынша, өтінімдердің басым бөлігі жер қатынастары мен салық мәселелері, сонымен қатар сатып алулар мен мемлекеттік қызметкерлератына шағымдану құрайды. Айта кетелік, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау, қолдау мен оқыту бойынша жұмысы облыс басшылығы тарапынан жоғары бағаланды.

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының көмегімен өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты, сәйкесінше салық түсімдері де өсті. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ШОБ-қа арнап салықтық рақымшылық күшіне енеді. Өңірде шағын және орта бизнестің 3 мыңнан астам субъектісі жалпы сомасы 11,3 млрд теңге қарызы бар. Өсімақының сомасы 6,7 млрд теңге, айыппұлдар сомасы – 300 млн теңгені құрайды. Егер кәсіпкерлер негізгі қарызды 2019 жыл 31 желтоқсанға дейін төлейтін болса, айыппұл мен өсімақы сомасы алынып тасталады», – деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов.

Кәсіпкерлер палатасының «Бизнес-Мектебінде» жыл басынан 1000-ға жуық тыңдаушы оқып шықты. Оқу қорытындысы бойынша «Бизнес-мектеп» түлектері жалпы сомасы 115,3 млн теңге көлемінде жобаларын іске асырған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінже жүзеге асып жатқан «Бастау» жобасының маңызы зор. Биыл мұнда 1829 адам оқып шықты. «Бастау» түлектерінің 799,7 млн теңге көлемінде 209 жобасы қаржыланды.

 Мерекелер қарсаңында өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында үздік кәсіпкерлер «Атамекен» ҚР ҰКП, облыс және қала әкімдігінің мақтау қазадарымен марапатталды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің бизнесті қорғауға қосқан үлесі де елеусіз қалмады. Олардың қатарында ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Лашын Сарбасова «Еңбекке адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалімен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер