«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жанам деген жүрекке от беремін»

2018 жылғы 05 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
6339 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жастардың бизнес бастамаларына арналған «Идеялар жәрмеңкес» атты сайыс өтті.

Жас кәсіпкерлер мектебі жобасының қорытынды бөлігі саналатын байқауға кәсіпкерлік бастамасы бар, 18-29 жас аралығындағы белсенді жастар өз бизнес-иделарын ұсынды. Сайысқа қатысушылар өз жобаларының өзектілігі, жылдам жүзеге асырылуы, өміршеңдігі тұрғысынан дәлелдеуге тырысты. Жас кәсіпкерлер мектебінің түлегі Мұхаммед Байғали жиһаз өндірісінің қалдықтарынан биоотын жасайтын кәсіпорын ашуды қолға алмақ.

«Ағаш және қағаз қалдықтарынан жасалатын биобрикеттер өндірісі елімізде әлі жүзеге асырыла қойған жоқ. Шетелде мұндай өнімдер көптеп қолданылады. Биоотын ағашқа қарағанда екі есе ұзақ жанады, екі сағаттан артық жылуды ұстап тұрады әрі арзанға түседі. Мұны түрлі жылыту қазандықтарында, моншаларда қолдануға болады. Сонымен қатар қалдық материалдан тұратындықтан қаланың тазалығына аз да болса септігін тигізеді деп есептеймін. Сондықтан жобамды «Таза Look» деп атауды ұйғардым», – дейді жас кәсіпкер.

Сайысқа қатысушы жастар ақпараттық технологиялар жасау, жылдам қызмет көрсету,  дамыту орындарын ашуды жоспарлайды. Айталық, Нагидуллина Мәлика жасөспірімдердің қандай өнер түріне икемді екенін анықтайтын орталық ашпақ. Айтуынша, идея жүзеге асырылған жағдайда ата-аналар балаларын түрлі үйірмелерге тасып, уақыт жоғалтпайды. Ол үшін орталықта балалардың қабілеттерін анықтайтын әдістемелерден өту ұсынылады. Сайыс қортындысына сай, қазылар «Таза Look» жобасына басымдық берді.

«Бұл идеяның басты ерекшелігі – оның баламалы энергия көзі болып табылатындығы, яғни экологиялық жағынан тиімді әрі отандық өнім саналады. Сондай-ақ, кәсіпорынды ашу үшін аз шығын кетеді және нарықта әлі көп қолданыла қоймаған. Сондықтан бұл жобаны өзгелерден ерекше деп таныдық және оны қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз. Жалпы, биылғы жобалардың барлығы дерлік назар аударуға тұрарлық», – деді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ержан Нұрғалиев.

Жас кәсіпкерлер мектебін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүргізіледі. Оқу барысында тәжірибелі дәріскерлер кәсіпкерліктің қыр-сырын түсіндіретін болады. Оқыту нәтижесінде ең үздік жобалар «Идеялар жәрмеңкесі» байқауына қатыстырылады. Жеңімпаздар мемлкеттік грант алуға үміткер атанады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер