«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тігін компаниясы жасөспірімдер үйін қамқорлығына алды

2018 жылғы 29 Қараша
- Ақтөбе облысы
5592 просмотров

Жастарды әлеуметтік бейімдеу орталықтың тәрбиелеушілерін тегін оқытып, жұмысқа тұрғызуды «Глобал-спецодежда» ЖШС кәсіпорынның жетекшісі, ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Надежда Шабаева жоспарлап отыр. Бұл жоспар Жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және кәсіпорын арасындағы үшжақты меморандуммен бекітілді.

Меморандум «Глобал спецодежда» ЖШС жанынан жұмыс істейтін «Үміт» оқу-өндірістік кешеннің филиалы ретінде «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығы тігін цехын құру мен дамытуды көздейді.

 Жоба мақсаты – «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығы тәрбиелеушілерін қамқорлыққа алу, оларды бүгінде сұранысқа ие тігін мамандығына оқыту, кәсіпорынға жұмысқа алу және кейін талапты оқушыларға дизайнер, технолог, конструктор мамандықтары бойынша жоғары және қосымша білім алуға ықпал ету. Жастар үшін білім беру қызметтермен қоса, тәлімгерлік те көрсетіледі.

 Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Глобал-Спецодежда» басшылығы Орталықты заманауи тігін жабдығымен және қажетті оқу материалдармен қамтып қойды.

«Біз бұл жоба орталықтың тәрбиеленушілеріне тігіншілікті игеріп, мамандыққа оқып, жұмысқа тұрып, болашаққа деген белгілі бір сенімділік алады, мүмкін жеке кәсіп ашады деп сенеміз. Қыз-келіншектерді бизнеске оқыту мен тарту – Іскер әйелдер кеңесінің басымдыққа ие бағыттарының бірі. Біз осы бағытта белсенді жұмыс істейтін боламыз», – деді «Глобал-Спецодежда» компаниялар тобының жетекшісі Надежда Шабаева.

Тігін компаниясы 15 жыл бойы арнайы киім үлгілерін мұнай-химиялық, металлургиялық, тау-кен қазу, электр энергиясы, құрылыс, күзет құрылымы салаларында әзірлеп, өндіруде. Компанияның өндірістік қуаты – жылына 100-150 мың өнім. Фабрика бүкіл шығарылатын өнімге CT-KZ сертификатына ие, жергілікті қамту үлесі – 50%-дан жоғары. Кәсіпорын жетекшісі Надежда Шабаева жеткен жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Қазіргі таңда 500 жұмыс орнына шақталған жаңа өндірістік-тігін кешенін салу жұмыстары басталды. Компанияның тәжірибесі республиканың басқа өңірлерінде таралуда, айтап айтқанда, Қостанай облысы Рудный қаласында бөлімше ашылып жатыр.

Кәсіпорын жанынан құрылған «Үміт» оқу-өндірістік кешені биыл ӨКП атсалысуымен наурыз айында құрылып, «Атамекен» Оқу орталықтары тізіліміне енді.

«Глобал-Спецодежда» компаниясының жетекшісі, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесін әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырғаны үшін алғыс білдіреміз. Осы меморандум шеңберінде Өңірлік кәсіпкерлік палатасы «Мейірім» және Орталық арасында арасында әріптестік қарым-қатынастарды орнатуға көмектеседі. Сонымен қатар тренингтер, семинарлар мен табысты кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылатын болады», – деді ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов.

 Ақтөбе қаласында жетім балаларға арналған әлеуметтік үй 2016 жылы  «Сәби» жеке қайырымдылық қорының 4 млрд теңге көлемінде қаржылық қолдауымен ашылды. «Мейірім» деген атау алған әлеуметтік бейімдеу орталығында жетімдер, ата-аналар қарауынсыз қалған балалар баспана алды. Жасөспірімдер үйіне қарағанда әлеуметтік үйде жастар 29 жасқа дейін тұра алады. Осы уақыт аралығында олар «Тұрғынүйжинақбанкіне» баспана алуға қаражат жинай алады. Орталықбарлық қажетті жабдықпен қамтылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер