Әділет министрлігі заң шығарушылық процестерді жетілдіруді ұсынды
Бастама бизнес пен халықты заң жобаларды талқылау мен әзірлеу жұмысына тиімді тартуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, Әділет министрлігі келесі шараларды ұсынады:
- Реттеушілік әсерді талдау процедурасын кәсіпкерлік ортада ғана емес, сондай-ақ кез келген жаңа мемлекеттік реттеуге қатысты қолдану.
- Заң қағидаттары мазмұнына формалды көсқарасты алып тастау. Мемлекеттік органдар заңдарда олардың егжей-тегжейлі ашылуын қарастыруға міндеттелетін болады.
- Бүкіл заңнаманы қайта қарастыруды жоспарын бекітуді 5 жыл ішінде ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Ұлттық экономика министрілігі құзырына жүктеу. Қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу қайта қарау нәтижесі бойынша ғана мүмкін болады.
- Заң жобаларын қоғаммен талқылау бойынша жекелеген алаңдарды (қоғамдық кеңестер, «Ашық НҚА» порталы, Реттеушілік әсерді талдау, сараптамалық кеңестер) жетілдіру.
- Заң жобасын Парламентке жіберу алдында «Жасыл және ақ кітапты» қолдану. Жасыл кітап мемлекеттік органдар жүргізілген саясат бойынша пікірлер мен ұсыныстарды жинау үшін шығарылады. Кейін ішінде Үкіметтің нақты салада таңдаған саясаты жайында өтінімдер жиналған «Ақ кітап» жарияланады.
- Мемлекеттік органдарға қолданыстағы заңды қысқартпай тұрып, жаңа реттеуді енгізуге тыйым салу («біреуі кірді – екіншісі шықты» қағидаты).
- Реттеу субъектілеріне жаңа талаптарды ұстануға дайындық жасау үшін уақыт керек болған жағдайда жаңа заңды күшіне енгізуді шегере тұруды қарастыру. Осыған ұқсас норма заңнамада 2006 жылдан бері бар.
- Талқылау туралы қоғамдастықтың үлкен ауқымын мендетті ақпараттандыру арқылы жаңа заң жобаларының барлық тұжырымдамаларын міндетті жария талқылау.
- «Түсіндіру» мен «түсінік беру» ұғымдары арасында айырмашылықты нақтылау.
- «Е-заңнама» жүйесін енгізу. Жүйе актінің деңгейіне (заңнамалық, суб-құқықтық) қарамастан, талдау жасау үшін заңнама саласын таратады. Жүйеде қалыптастырылған салалар аясында, оның ішінде азаматтардың жүгінуі, статистикалық және басқа да деректер, сот практикасы, ғылыми әдебиет пен басқада ақпарат легі құрылатын болады.
Аталған тұжырымдама бойынша ұсыныстар болған жағдайда мына телефонға хабарласуға болады: 8 (7172) 91 93 55, m.li@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: