«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәселелердің 70%-ы шешілді: «Атамекен» бизнесті қайта реттеу бойынша жұмысты жалғастыруда

2018 жылғы 28 Қараша
2986 просмотров

Құрылған уақыттан бастап бес жыл ішінде Ұлттық палата бизнестің қанша мәселесін анықтап, шешкені жайында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов «Protesting business and investments» бизнес және инвестицияларды қорғау бойынша жоба жұмысының қорытындысын талқылаудың диалог алаңында ақпарат берді.

«Біз айтарлықтай жақсы серпін алдық. Осы уақыт ішінде 25 мыңнан астам өтінім қабылданды, оның ішінде 42%-ы оң шешілді. Жалпы 131 млрд теңге сомасында мүліктік құқық қорғалды», – деді Рустам Жүрсінов.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, 2017 жылға дейін шағымдардың жыл сайынғы өсуі байқалған (2014 жылы – 4 573, 2015 жылы – 5 314). 2017 жылы өтінімдер саны 5 195-ке дейін төмендеген, бірақ олардың ішкі мазмұны өзгерді.

 Бұрын бірінші қатарда жер қатынастары, салық және сатып алуларға қатысты шағымдар көбірек болған (2014 жылы – 17% жер, салық – 10%, сатып алулар – 8%; 2015 жылы – 20%, 15% салық, 10% сатып алулар; 2016 жылы – 12% жер, 14% салық, 13% сатып алулар), ал 2017 жылы кәсіпкерлер арасындағы дауларға қатысты өтінімдер (20%) және әкімшілік кедергілер (9%) бойынша өтінімдер ұлғайды (12% – жер, 9% – салық; 8% – сатып алулар).

«Бастапқы кезеңде қоғамдық мониторингті қалай жүргізу керек, бұл заң жақсы ма, жоқ па, анықтауды қалай жүргізу керектігін ойластырдық. Сондықтан бизнестің мәселелері тізілімін құрдық», – деді Рустам Жүрсінов.

Қызмет етудің бес жылы ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 604 мәселені анықтап, оның ішінде 425-сін (70%)  шешуге қол жеткізді, 50 мәселе – шешілу алдында тұр, 129 мәселе мемлекеттік органдармен талқылауда жатыр.  

 Бүгінде жүйелі мәселелерді шешу жұмысы түрлі бағыттарда, оның ішінде Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттікпен бірлесіп әзірленген және жүзеге асырылып жатқан Жол картасы аясында, сонымен қатар  Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырмалары шеңберінде Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жүргізіліп келеді.

 «Рұқсаттар, хабарламалар мен лицензиялар саны 72%-ға қысқартылды. Егер реформаға дейін олардың саны шамамен 1115 болса, қазір 315-і қалды, бұл есептеулеріміз бойынша жылына 1,5 млрд теңгені үнемдеуді қамтамасыз етеді. Бұған қоса жиынтықта 600 млрд теңге көлемінде шығындар азайтылды», – деп атап өтті спикер.

Осы бағыттағы жұмыс нәтижесі бойынша бизнестің қаржылық шығындарын жыл сайын азайту 4 млрд теңгені құрайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске қойылған талаптарды азайту бойынша жұмысты Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда бақылаудың 114 саласының 20-сы қысқарды, мемлекет органдардың 540 бақылау және қадағалау функциясының  қайталанатын немесе тәуекелдерге байланысты емес 108 функциясы қысқартылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша 30 497 талаптың 17 154-і немесе 58%-ға төмендетілді. Тексеру мерзімдері де қайта қаралып, 30 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқарды, ал жоспардан тыс тексерулер – 30-күннен 10 жұмыс күніне дейін азайтылды. Нәтижесінде тексерулердің саны 30%-ға қысқарды.

Рустам Жүрсінов мемлекеттік сараптама мәселелеріне бөлек тоқталды. Айта кетелік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 24 мың сараптамалық қорытынды шығарған.  

«Айтарлықтай ауқымды жұмыс міндетке алынған. Бұл жұмыс Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ғана емес, бізде тіркелген 141 аккредиттелген ұйыммен бірлесіп орындалып отыр. Серпінді қарайтын болсақ, 2015 жылы бизнестің ұсыныстарын қанағаттандыру коэффициенті 30%-ды құрады, мемлекеттік органармен байланыс орнату арқылы бұл пайызды 73%-ға ұлғайтуға қол жеткіздік», – деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары.

Баяндаманың бір бөлігі мемлекеттік бақылауға, нақтылап айтқанда бақылау жүйесінің өзгеруіне арналды. Нысанда адал бизнес емес, құқық бұзушылар болуы керек. Биыл 6 сала бойынша (салық, өрт сөндіру, саниятариялық-эпидемиологиялық қызмет, жер, еңбек, экология) ҰКП-ның прокуратурамен жүргізген талдауы  бірқатар олқылықтарды анықтады. Бұл бақыланатын субъектілер тізілімі, реттеудің тиімділігінің талдауы, стратегиялық мақсаттар мен бақылау көрсеткіштерінің болмауы.

 

«Нақтырақ айтсақ, еңбек инспекциясы бекітілген 30 критерийдің 4-уін ғана пайдаланады, ал осы инспекциялардың 63%-ы (397-ден 249-ы) іс біткен соң жүргізілген. Экологиялық бақылау органдарында тексерулердің 81%-ы (669-дан 826-сы) есептерді уақытында өткізбеу салдары бойынша жүргізілген, алайда бұл салада аталмыш олқылықтар жеңіл бұзушылықтар болып саналады.  Салық бойынша шағымдарға келетін болсақ, биыл кәсіпкерлік пайдасына қарай коэффициент 30%-ды құрады, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 12%-ды құраған», –деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

 Кедендік мәселелер бойынша бизнес пайдасына 37% шешімдер енгізілді. Жалпы шағымдар санының өзі 3 есе қысқарды, бұл жайт аудит сапасының артқанын көрсетеді. Бизнестің дәйектері ескерілген деп қорытындылады спикер.

 Ал бәсекелестік саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқартуға күш салып отыр, алайда соңғы шешімді мемлекет өзі шығарады, мемлекеттің құзырында 348 түрлі қызмет жүргізіледі.

«Егер қарайтын бұлсақ, бұл тазалау қызметі, сылақ жұмыстары, жарнама, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, дәл осы бағыттарда шағын және орта бизнес жұмыс істейді. Бұл мемлекетке не үшін керек? Бұл қызметтердің барлығын аутсорсингке тапсыру керек», – деді спикер.

 Рустам Жүрсінов Астана қаласы әкімінің жеке көліктен бас тартып, такси қызметіне жүгінгенін мысалға келтірді. Осылайша жылына 200 млн теңге шығын қысқарған. Бұның бәрі ойын шартын өзгертіп, «шорт кесу» қағидатын қолдануды талап етеді. Аталмыш «шорт кесу» рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуда тиімділігін көрсетті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер