«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде HR-менеджерлері клубының жиыны өтті

2018 жылғы 26 Қараша
- Ақтөбе облысы
5858 просмотров

Ақтөбе қаласында HR-менеджерлері клубының ҚР Еңбек кодексіне  енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қатысты  кезекті отырысы өтті

 Клуб қатысушыларына Кодекске 2018 жылы енгізілген жаңашылдықтар таныстырылды. Таныстыру Еңбек кодексінің ескі және жаңа нұсқасын кестеге тізу арқылы көрсетілді. Шеберлік сабақты «Дәру жарығы» офтальмологиялық орталығы кадр қызметінің маманы Гүлнар Рашева жүргізді.

Маманның айтуынша, өзгертулер дуальді білім беру ұйымдарына, тәртіптік бұзушылықты анықтау бойынша толықтыруларға қатысты. Сонымен қатар жүктілік және босану бойынша демалыс мерзіміні ұлғайту, ядролық сынақтардың әсеріне душар болған әйелдер мәселесіне назар аударылған.

 «Көлеңкелі жұмысқа орналасуды алдын алу үшін бизнесті заңды жүргізу мәселелері талқыланды. Өйткені біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан үлгі алып,  кәсіпорындарымыз заңды түрде қызмет жасауын насихаттаймыз. Жиын барысында Елбасының еңбекақыны жоғарылату туралы тапсырмасын талқыладық. Сонымен қатар кадрлық қызметтер студенттерімізге назар аударса деймін, өйткені көптеген кәсіпорындарда мамандардың егде тартуы мәселесі бар. Көп жағдайда кәсіпкер өзіне қажетті маманды таба алмай жатады. Ал егер кәсіпорын дуальді білім беруді енгізсе, онда оқуты барысында жақсы маманды таңдап алуға, үйретуге мүмкіндігі болады. Нәтижесінде кәсіпорын дәл осу өндірісте, осы жабдықта жұмыс істей алатын маманды дайып шығаыд», – деді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Дамиля Құнақова.

 Ақтөбе қаласы HR-менеджерлері клубы 2018 жылдың наурыз айында құрылған. Клубты құру бастамасы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына тиесілі. Бірлестік өз мүшелеріне ең үздік HR-практиктермен және сарапшылармен танысуға, күрделі істерді талқылауға, қызметкерлерді басқаруда қолданылатын жаңа технологиялар туралы білуге және оларды қолдану практикасын талқылауға, басқа компаниялардың әріптестерімен кездесуге және олардың баға жетпес тәжірибесіне, сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл бағытта Палата мемлекеттік білім беру тапсырысының шеңберінде кадрлар қажеттіліктерін қалыптастыру, кәсіпорынның білім беру орталығын құру, ғылыми және өндірістік кәсіпкерлік тізіліміне кіру, әлеуметтік және еңбек қатынастары бойынша заң консультацияларын жүргізу және еңбек дауларын шешу үшін модераторларды тарту бойынша көмек көрсетеді.

 Клуб мүшелері арасында жедел әрі қашықтықтан байланысты нығайту мақсатында WhatsApp қосымшасында арнайы чат құрылған. Оған Жұмыспен қамту мамандары, Еңбек инспекциясы мен жеке жұмыспен қамту агенттіктер мүшелері енген.

«Көп кәсіпорындар өз қызметкерлерін қымбат тренингтерге жіберуге мүмкіндіктері болмай жатады. Ал осы чат арқылы олар біріне бірі кеңес беріп, тәжірибе алмасады, барлық әрекет еңбек кодексі шеңберінде болуын қадағалайды. Сонымен қатар осы бірлестік мүшелері бірі-біріне кадр табуда көмектеседі. Әр кадр бөлімінде жеке түйіндемелер базасы бар. Біз Клуб пен Батыс Қазақстан облысы медиация орталығы арасында байланыс орнатуға қол жеткіздік. Бұл орталық келісу рәсімдері жөніндегі келісім комиссиялары бойынша толық жұмыс істеді. Орталық келіспеушіліктер туындаған кезде, сот органдарына жеткізбей, клуб мүшелеріне медиациямен толықтай тегін көмектесетін болды», – деді «Атамекен» өкілі.

 Қазіргі таңда «Стройдеталь» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «Химстрой-Актобе» ЖШС, «Ақтөбе кенді емес материалдар комбинаты» ЖШС және өңірдің басқа да ірі кәсіпорындардың кадр бойынша мамандары – шамамен 50 адам Клубқа мүше. Ай сайын жиындар өтіп, онда еңбек заңнамасы, жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара әрекеттесу, қызметкерлерді сертификаттау жүйелері және компанияның қызметкерлеріне арналған оқытуды ұйымдастыру мәселелері талқыланады. HR-менеджерлері клубының төрайымы – «ТрансТелекомБайланыс» ЖШС кадр бөлімінің бастығы Мариса Төлеубаева. Клубқа шағын және орта кәсіпорындардың мамандарын көптеп тарту міндеті қойылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер