«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тауарларды таңбалау бизнес жүргізуде жаңа кедергіге айналмауы керек – Юлия Якупбаева

2018 жылғы 24 Қараша
4996 просмотров

ЕАЭО кеңестігін цифрландыру мәселесі Мәскеуде өткен V Еуразиялық экономикалық конгресте негізгі тақырыпқа айналды.

Тауарларды таңбалау және ЕАЭО ортақ нарықтарын дамытуды талқылауға арналған секцияда «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қазақстандық бизнестің позициясын жеткізді.

 Бүгінде Қазақстанда таңбалау мәселелері жөнінде заңнама әзірленуде.  Сәйкес нормалар қазіргі таңда Парламент Мәліжісінің қарауында жатыр. Келесі жылы Таңбалау бойынша бірыңғай оператор мен Тауарлардың ұлттық каталогы құрылады. Қазіргі таңда темекіні таңбалау бойынша пилоттық жоба жүріп жатыр. Жеңіл өнеркәсіп пен дәрі-дәрмек бойынша пилоттық жобаларды іске асыру мәселелері нарықпен талқылануда.

 «Таңбалау – экономиканың көлеңкелі секторымен күресудің бірден бір жолы. Бұған қоса бұл бағыт айтарлықтай шығынды. Өндірушіге қажетті жабдық сатып алу керек. Фармацевтикалық саланың бағалауы бойынша бұл шамамен бір тізбек үшін 200 мың еуро. Таңбаның өзін сатып алу үшін. Ал қосымша шығындарды дистрибьютерлер, дүкендер, дәріханалар көтереді. Осы шығындардың барлығы аяғында тұтынушының қалтасынан ұрады. Осыған байланысты пилоттық жобалар, бірінші кезекте қаржылық модельді қалыптастыруға көмектесуі керек», – деді Юлия Якупбаева.

РФ фармацевтикалық саласының өкілдері егер таңбаның бір данасы 50 тиын тұрса, онда 20 млн қаптама шығарғанда жылына қаптаманың өзіне ғана кететін шығын 10 млн рубльден асып түседі.

 «Егер біз айтарлықтай қымбат тауар – тон немесе автомобиль туралы айтатын болсақ, онда таңбалауға кеткен шығындар жалпы құнда білінбейтін болады. Бірақ, тауарлардың әлеуметтік топтары бойынша – сүт өнімдері немеес дәрі-дәрмектер – ахуал басқаша болады. Оның үстіне Қазақстанда дәрі-дәрмектердің бағаларын реттеу туралы заңнама әзірленіп жатыр. Сондықтан пилоттық жобалар өте маңызды, және қазақстандық бизнес көрші елдерде жүргізіліп жатқан пилоттық бастамаларды жіті бақылап отыр», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

 Секция қатысушылары назар аударған тағы бір аспект – инфрақұрылымға қатысты болды. Таңбалаудан болатын әсер шын мәнінде көрінуі үшін үдеріске қатысушылар үшін бәріне жаппай интернетті қолжетімді етіп, сонымен қатар Одақтың аумағында деректер айналымдарына бірыңғай амалдарды әзірлеу керек.

«Бүгінде ЕЭК алаңы және елдердің сараптамалық алаңдарында мемлекеттер арасында таңбаларды тану үдерісі қалай жүргізілетіні қызу талқылануда. Сондай-ақ, атақты «криптолық» және басқа өзара әрекеттесу формаларын қолданудың орындылығы талқыланады. Мәселе маңызды және біз оған қатысамыз. Деректердің трансшекаралық айналымы механизмі де көтеріліп отыр. Одақтың цфирлық күн тәртібі аясында бұл тақырып жеке талқылауды талап етеді», – деді Юлия Якупбаева.

 Панелдік отырыстың қатысушылары таңбалаудың импорт пен экспортқа жасайтын әсері талқылады. Қолдаудың мүмкін болар шаралары. Егер Одақтың таңбалау әдістері қолданыстағы процестердің халықаралық практикасынан айырмашылығы болатын жағдайда «нарықты жабу» тәуекелдері көтерілді.

Өз сөзін қорытындылай келе Юлия Якупбаева қазақстандық заңнаманы әзірлеушілердің жоспары бойынша белгілі бір нарықта таңбалауды енгізу мәселесі бизнес-қоғамдастықпен талқыланатын болады. Алдын ала Реттеушілік әсер ету талдауы жүргізіліп, пилоттық жоба жүзеге асырылады.

Осы ретте ЕАЭО елдерінде таңбалауды енгізу процестері түрлі қарқынмен жүріп жатқанын атап кеткен жөн. Қазір   таңбалаудың барлық бизнес-процестерін – өндірушіден кассаға, зейнетақыға дейін, соның ішінде трансшекаралық ақпарат алмасудың барлық олқылықтарын мұқият жазып шығу қажет.

Сонымен қатар технологиялардың шығынды екенін ескере отырып,  белгілі бір тауар тобын таңбалауда бұл процедураны енгізуде мемлекет, бизнес және тұтынушыға берер түпкілікті салдарын есептеу қажет.


 «Ең бастысы қолданыстағы механизмді бизнес жүргізуде жаңа кедергіге айналдырып алмаған абзал», – деді Юлия Якупбаева.

 Мәселені талқылауға Еуразиялық коммуникациялық орталықтың директоры Алексей Пилько, еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік және мұнай-газ департаменті директорының орынбасары Наталья Ляхова, «Ресей зергерлер гильдиясы» қауымдастығының бас директоры Эдуард Уткин, «Ресей үлпек-ұлпан одағы» коммерциялық емес ұйымының бас менеджері Максим Чипурной, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы атқарушы директоры Владимир Шипков, Еуразиялық экономикалық одақ фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының Басқарма төрағасы Дмитрий Чагин, Ұлттық сүт өндірушілер одағының төрағасы Андрей Даниленко қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер