Электронды сертификаттаудағы тәжірибе – шет елге үлгі
Өнімді электронды сертификаттау бойынша тәжірибені беларустық әріптестер игергісі келеді
22 қараша күні Беларусь Сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілі «Атамекен» ҰКП тауарлардың шығу тегін электронды сертификаттау бойынша жұмыс тәжірибесін үйрену мақсатында ресми сапармен Қазақстанға келді.
Қазақстан кәсіпкерлігіне қолайлы орта құру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сертификаттаудың электронды жүйесін құрды.
Кәсіпкерлер тауардың шығу тегі сертификатын алу үшін қажетті құжаттар топтамасымен бірге өтінімді электронды түрде тапсыра алады. Енді бизнесмендер маңызды құжатты рәсімдеп, алу үшін Кәсіпкерлер палатасы кеңсесіне келіп уақыт жоғалтпайды. Интернетке қосылған компьютер мен элетронды қолтаңбаның болғаны жеткілікті. Өтінім электронды жүйеде автоматты түрде тіркеліп, өтінім беруші оның орындалу үдерісін онлайн бақылай алады.
Ал өтінімдерді берудің элтекронды форматының міндетті тәртібі 2019 жылдың 1 сәуірінде күшіне енеді.
Мұндай формат бизнеске түсетін ауыртпалықты төмендету, сертификатты алу үдерісін оңтайландыру, оынң ашықтығы мен тиімділігін жоғарылатуға бағытталған.
Қазіргі таңда кәсіпкерлік субъектілерінің осы процеске тартылу серпіні оң нәтиже көрсетіп отыр.
«Биыл мамырдан бастап сертификаттаудың электронды жүйесінде пилоттық жобаның басталғаны хабарланған болатын, біз күнделікті өтінімдер санының өсуін бақылап отырмыз. Демек, кәсіпкерелр жаңа жүйенің артықшылықтарын сезінуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің қызметіне тосқауыл болатын кедергілерді азайту бойынша жұмысты жалғастырып келеді. Қазір бизнес субъектілерін қолдауға бақытталған бірқатар әзірлемелеріміз бар», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Эльмира Оразова.
Бүгінде шамамен 2000 өтінім сертификаттаудың электронды жүйесі арқылы берілген. Бұл құжаттардың электронды формат бойынша міндеттемелер күшіне енбегендегі көрсеткіші.
«Баларусь Республикасының Үкіметі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тауардың шығу тегі туралы сертификатын электронды жүйені қолданумен беру тәртібіне қызығушылық танытты. Сыртқы экономикалық қызметте қолданылатын құжаттарды беруді оңтайландыру бойынша сіздер жүргізіп отырған жұмысты Палатамыз жоғары бағалап отыр0 осы бағытта сіздердің оң тәжірибелеріңізді үйренуге қызығушылық танытып отыр», – деді Беларусь Сауда-өнеркәсіптік палатасының Сараптама мен сертификаттау қызметінің бастығы Николай Жуковский.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: