«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы бизнесмендері полицияға арнап мобильді қосымшалар әзірлеуге дайын

2018 жылғы 19 Қараша
- Алматы қаласы
7494 просмотров

ІІД бастығы Серік Күдебаев отандық бизнес пен бағдарламашылар цифрландыру шеңберінде полицелейр жұмысын жақсарту үшін не ұсына алатынын білу мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған ІТ-Кеңесінің мүшелерін  шақырды.                                          

 «Қауіпсіз аула» талдамалық жүйе, көпшілік жиналатын жерлерді  бейне мониторингілеу, жылдамдық режиміді автоматты түрде анықтау, «Дабыл түймесі», «Жолақ» және «Автоновигатор» – олар қалай жұмыс істейтінін бүгін Алматы қаласы Ішкі істер департаменті өкілдері айтып берді.

ІТ-қоғамдастықтың үздектерін: бизнесмендер, бағдарламашылар, мобильді қосымшаларды әзірлеушілерді ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың өзі қарсы алды

 «Біз шетелдік тәжірибені зерттедік, шетелдік компаниялар түрлі бағдарламалар мен қосымшаларды ұсынуда, бірақ өте қымбат. Тура сондай әзірлемелерді  өзіміздің мамандар жасай алады деген сенімдемін. Біз оған қатты қуанар едік», – деді Алматы қаласы ІІД бастығы.                                                                                                                                                                      

Жұмыс істеп тұрған және әзірлену үстіндегі ІТ-өнімдер, жүйелер мен бағдарламалар туралы  ІІД Техникалық қызметтер басқармасының бастығы   айтып боерді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

 Оның хабарлауынша, «Жолақ» жүйесінің жабдығы сәтті сынақтан өтті. Бұл жүйе маршрутты көлік құралдарына арналған жолақ бойында жол жүру тәртіпті бұзуды анықтау үшін қалалық қоғамдық көлікке қондырылады.

 «Қауіпсіз аула» сараптамалық жүйесі қылмыстық әрекеттерді ашу пайызын жоғарылатады. Оның аясында Алматы қаласы бойынша аулаларда 16 000 бейне камера ілінеді.

 Қонақтарға сонымен қатар патрульдік топтарын бақылауға арналған  «Автонавигатор» жүйесі де таныстырылды. Аталған құрылғы полицейлер жұмысын бақылауға көмектеседі. Жобаның бірегейлігі – оны ҚБТУ, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері тегін әзірлеген.

 Өз кезегінде, ІТ-сарапшылар өз идеяларымен бөлісті, мәселен, қылмыстық әрекет жазылған телефоннан бейне ақпарат бірден Алматы қаласының ІІД-ресурсына автоматты түрде түсетін қосымшаны жасау.

«Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының ІТ-Кеңесіне бағдарламалар мен қосымшларды әзірлеуші танымал акомпаниялар жиналған. Біз бизнес пен қаламызды автоматтандыру және цифрландыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, бөлісуге дайынбыз», – деді Алматы қаласы ӨКП Аппарат жетекшісі Нұрлан Қабіштаев.

 Оның ІТ-Кеңес және Алматы ІІД арасында кездесулерді тұрақты өткізу бойынша ұсынысы бір ауыздан қолдау тапты.

 Фото: Алматы ІІД баспасөз қызметі

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер