«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының мектептерінде қыркүйек айынан бастап IT-сыныптар іске қосылады

2019 жылғы 14 Мамыр
- Алматы қаласы
6153 просмотров

Алдағы оқу жылынан бастап Алматы қаласының мектептерінде, техникалық, әдістемелік заттармен қамтамасыз етілген IT-сыныптар енгізілетін болады

 Қазіргі таңда жобаның электрондық платформасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының IT-кеңесі барысында Алматы қаласы білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ директоры Андрей Дупик хабарлады.

 

«Бұл жалпы білім беретін мектептер базасында орналасқан факультативті қосымша сабақ ретінде болады. Біз бүгінгі таңда ең сұранысқа ие бағыттарды қамтитын боламыз, яғни бұл мобильді қосымшаларды, веб-сайттарды, ойындарды, 3D моделдеуді, робототехниканы құру. Осы аталғандардың барлығын біз бір жерде, әрбір оқушы мен мұғалім қол жеткізе алатын электронды платформада жинаймыз. Мысалы, ол бағдарламаға кіріп, сол жерден белгілі бір тақырыпты таңдады, тақырып аясында бейне сабақтар, контенттер, тестілеу болады, тақыртары бойынша мұғалімдер мен оқушылар айналыса алады. Мұғалімдер сабақта отырып бәрін өзгерте алады, ал оқушылар үйден өзгертеді. Бүгін Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында, біз IT-қауымдастықтың пікірін тыңдадық. Олар бізге болашақта қандай бағыттар бойынша, қосымша мамандар қажет екендігі туралы ұсыныстар айтты. Біз алдағы уақытта осы жобаны жасай отырып, қаланың жетекші IT-компанияларымен міндетті түрде кеңесетін боламыз», – деп сөзін нақтылады Андрей Дупик.

Әзірлеушілердің айтуынша, бастапқы кезеңде жоба Алматының 102 мектебін немесе мегаполис мектептерінің жалпы санының елу пайызын қамтиды.

«Бұл қаланың әр түрлі аудандарынан келген мектептер. Тиісті жарыстарға жиі қатысқандар іріктеліп алынды. Біз жобаның тұсаукесерін педагогтардың тамыз айындағы кеңесінде жасайтын боламыз. Жобаға қатысатын барлық мектептерге бағдарламаларды, жұмыс істеу техникасын, контенттерді беретін боламыз.  Жаз мезгілінде біз бағдарламаны бекітіп, оқытушыларды оқытуымыз қажет. Қыркүйек айынан бастап, өз жұмысымызды бастаймыз. Осы аталған мақсаттарға қаражат қалалық бюджеттен бөлінетін болады. Осындай пилоттық жоба Алматы қаласында алғаш рет іске қосылады», – деп Андрей Дупик өз сөзінде мәлімдеді.

Жоба Қазақстанды жалпы цифрландыру аясында іске асырылуда және IT-оқыту үдерісіне тартылған балалар санын арттыруға бағытталған. Сондай--ақ, сарапшылар bilimalmaty.kz мемлекеттік қызметтер порталын жетілдіру мәселелерін талқылады. IT-кеңес құрамына кіреді.

IT-Кеңес 2018 жылы Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы базасында құрылды. Кеңестің құрамына қаланың ірі инновациялық компаниялары кіреді, олардың мақсаты саланы дамыту, бизнесті, қаланы цифрландыру және автоматтандыру үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Бүгінгі таңда кеңестің 13 отырысы өтті, оның шеңберінде 6 жоба ІІД және ТКШ цифрландыру үшін ұсынылды (Элтекс SMART – IPTV, ақылды үй, есептеу құралдарынан деректер жинауды автоматтандыру; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемелерінің мониторинг жүйесі; TOP KSK порталы – белсенді және немқұрайлы қалаларға арналған интернет-порталы; AUTOMETER – коммуналдық есептеуіш көрсеткіштерінің мониторинг жүйесі; «Алматы СУ» МКК – сумен жабдықтау және су бұру технологиялық процестерін диспетчерлеудің зияткерлік цифрлық платформасы; БКДҚ – барлық кезекші-диспетчерлік қызметтердің автоматтандырылған жүйесінің бірыңғай органы), тағы 2 жоба Алматы қаласын Цифрландыру бағдарламасын іске асырудың Жол картасына енгізілген (№54 мектеп-гимназия базасында IT-лицей ашу; Wi-Fi мектептерін 100% - ға дейін желімен жабдықтау). Бұдан басқа, ҚБТУ жанындағы инженер және ақпараттық технологиялар институты Алматы қаласының ІІД үшін криминогендік жағдайдың мониторингі жүйесін әзірледі (бірыңғай орталықта онлайн режимінде криминогендік жағдайдың мониторингі және визуализациясы, заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша шешім қабылдауға көмектесу, өзара байланысты қылмыстар бойынша жиынтық ақпарат ұсыну). Қазіргі уақытта интернет-дүкендерді жеткізу қызметтері үшін тегін тұрақ орындарының жобасы талқылануда, fulfillment және коворкинг-орталықтарда одан әрі қайта құру үшін тоқтап тұрған ғимараттар мен құрылыстармен жұмыс жүргізілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер