Симментал тұқымды ірі қара өсіретін шаруалар бірігеді
Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Симментал ірі қара тұқымының республикалық палатасының таныстырылымы өтті.
Қостанай облысынан келген әріптестер Ақтөбе фермерлеріне жаңа қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Дәл осы жерде Палатаның бас кеңсесі орналасатын болады.
Таныстырылым барысында Симментал ірі қара тұқымының республикалық палатасының құрамына қостанайлық кәсіпкерлер, ғалымдар, сонымен қатар мал дәрігерлері кіргені белгілі болды. Палата кеңесінің төрағалығына қостанайлық «Баталинское» ЖШС жетекшісі Жансарт Ахметов тағайындалды, директоры болып «Агрогенетикс» ЖШС жетекшісі Марк Гумеров сайланды. Бастамашы топтың өкілдері қазіргі таңда басқа өңірдегі шаруашылықтарды аралауда.
«Мұндай палата республика бойынша болған жоқ. Палатаны құру, бірінші кезекте аталған ірі қара тұқымын дамытумен, мемлекеттік қолдау шаралары аясында жетілдірумен байланысты. Бүгінде республикалық регистр деректері бойынша Қазақстанда 57 бас симментал ірі қара бар. Ақтөбе облысындағы шаруа қожалықтарымен жеке шаруашылықтарды 7 мың бас бар. Қостанай мен Ақтөбе өңірлері симменталдың етті бағытын жүргізіп отыр. Қазір, өкінішке қарай оған қажетті көңіл бөлінбей келеді. Әзірге екі өңірдің шаруаларын біріктіруге бел бұдық», – деді Симментал ірі қара тұқымының республикалық палатасының директоры Марк Гумеров.
«Алуа» және «Жаңа тұрмыс» актөбелік шаруашылықтардың басшылығы таныстырылым барысында жаңа бірлестікті қолдап, оның құрамына кіруге ынта білдірді.
«Бізде түйткілді мәселелер көп, оларды бірігіп шешпесе болмас. Бірінші кезекте, бұл субсидиялау мәселесі, өйткені симментал ірі қарасы субсидиялауға жатпайды. Қазіргі таңда тұқым өндіруші бұқаларға ғана субсидия қарастырған, бірақ оның да шарттары бар. Екіншіден, импортты алмастыру мәселесі, бұл бағытта симментал тұқымы бойынша асыл тұқымды –селекциялық жұмысты жолға қойған жөн. Шаруашылығымызда «Ырыс» бағдарламасы арқылы алған 100 бас симментал ірі қарасы бар. Бұл мал тұқымы өңіріміздің климаттық жағдайына бейімделген. Малға дұрыс күтім жасалса етті-сүтті бағытта жақсы нәтиже алуға болады. Құрылатын палата арқылы жұмысымызды оңтайландырамыз деген ойдамыз. Әрі сәйкестік құжаттарын төлеуде жеңілдік болады деген үміттеміз», – деді «Жаңа тұрмыс» шаруа қожалығының басшысы Марат Кубиев.
Ақтөбе облысы ӨКП сарапшылары да жаңа құрылымға қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.
Бастамашы топ өкілдерінің айтуынша, Палатаны құру ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылуда, Заңда әр асыл тұқымды ірі қара мал бойынша республикалық палата құрылып, жұмыс істей алады делінген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: