«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ет комбинатына шетелден сарапшы келді

2018 жылғы 31 Қазан
- Павлодар облысы
7862 просмотров

Былтыр Екібастұз қаласында «Жаңа-Ауыл» ШҚ» ЖШС базасында ет өнімін шығаратын шағын зауыт іске қосылды.

Кәсіпорын енді ашылған. Нарықта орын иелену үшін сапа, табиғилық, дәмділік, ауқымды ассортимент керек. «Жаңа-Ауыл» ШҚ» ЖШС Нұрсұлтан Ыбыраев көп жағдайда кәсіпорынның табыстылығы білікті мамандар, таңдалған стратегия, заманауи жабдық пен технологияның болуына байланысты. Ет өндіруші осы салада әлемдік технологияларды игеріп енгізуді көздеп отыр. Сондықтан ол «Аға сеньор» құралын қолданған.

 Түркиядан келген сарапшы Йылмаз Мехмет «Torku ET ve Süt mamulleri» тамақ өнеркәсібі компаниясының бас инженері. Сарапшы жаңа құрылған кәсіпорынның нәтижесін жақсы бағалап, болашағына сенім білдірді, оған мұндағы қызметкерлердің еңбек нәтижесіне жоғары мән беретіні ұнады.   Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Ыбыраев шетелдік сарапшының келуі әлемнің жетекші мамандарынан тәжірибе алуға жақсы мүмкіндік деп атап өтті.

«Сарапшымен бірге біз қақталған шұжықтың жаңа түрін әзірледік. Дәмдеуіштерді қолдану тәртібі туралы ақпарат пайдалы болды. Бұдан бөлек, біз шұжықтың эстетикалық түрін қалай жақсарту бойынша ақпарат алдық», – деді Нұрсұлтан Ыбыраев.  .
 

 ӨКП-ның Екібастұз қаласындағы филиалының директоры Медият Мұсанаптың айтуынша шетелдік сарапшы, «Рахмет» ет комбинаты және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты келісімге қол қойылды.

 «Аға сеньор» құрауышы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатыр. Құрауыш басқару, өндіріс технологиялары, жабдық және қызметкерлерді оқытудың жаңа әдестерін енгізу мақсатында жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуды қарастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер