«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәдеге асқан кеңестер: Кәсіпкерлердің мәселелері тиімді шешілуде

2018 жылғы 16 Қазан
- Павлодар облысы
8525 просмотров

Кәсіпкерлер енді өзінің мәселесін тікелей Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы мен мүшелеріне жүгіне алады.

Нұрлан Нәбиев «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер қабылдауын жүргізіп отыр. Сұхбаттасудың жаңа форматын жергілікті бизнесмендер жақсы бағалады. Жеке кәсіпкер Алтынай Бушумбаева «Павлодар облыстық көркем музейі» КМҚК тарапынан мемлекеттік сатып алулар туралы  атқарылған  жұмыстар актілеріне қол қоймағанын айтты.

Техникалық сипаттамаға сәйкес кәсіпкер суретшілер мен материалдарды Павлодар облысы мен Астана қаласына тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді орындаған. Осы ретте аталған техникалық сипаттамада әр бағыт бойныша шығын есептеулері жасалмаған болатын. Километраж да белгіленбеген.

 «Шілде айында кәсіпкер мекенжайына тапысырыс беруші келісім-шарттың сомасын төмендету туралы деген хат келеді. Тапсырыс берушінің дәйектерімен келіспеген кәсіпкер орындалған жұмыс актісін шығарады, онда есептеулерді жасап,  376 355,1 теңге көлемінде қосымша шығын жасалды деп жазды. Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңға сәйкес жасалған келісімшартқа өзгерістер енгізу тек екі тараптың келісіп жасауы кезеңде ғана рұқсат етіледі. Алайда тапсырыс беруші мәселені қажетті тәртіпте реттемей, келісімшарттың мөлшерін азайту және жеткізушімен қосымша келісім жасау туралы мәселені дұрыс шешпеді», – деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Лашын Сарбасова.

 Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл жөніндегі кеңестің мүшесі Күлжан Кунадилова Палата алаңында осы дау бойынша барлық мән-жайлар анықтап, дау тараптарының отырысын өткізді. Жасалған жұмыстардың арқылы ұзақ сот сынақтарынан аулақ болуға, осы мәселе бойынша келісімге қол жеткізуге және адал кәсіпкердің құқықтарын толықтай қорғауға мүмкіндік туды.

 Қазіргі таңда тапсырыс беруші кәсіпкер алдындағы мемлекеттік саты алу бойынша берешекті толық өтеді.

«Палата алаңындағы қабылдау тұрақты өткізілетін болады. Кәсіпкерлер өз мәселесі бойынш атікелей келіп, кеңес ала алады, қажеттілік болса, адал кәсіпкерлік құқығын барлық органдарда қорғау бойынша сүйемелдеуге ие болады», – деді Лашын Сарбасова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер