«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» шаруаларға арналған Сall-орталықты іске қосты

2018 жылғы 10 Қазан
- Ақтөбе облысы
7373 просмотров

Жоба пилоттық режимде Ақтөбе облысында іске қосылды. Call-орталықтың жұмысы мал шаруашылығымен айласатын кәсіпкерлерге ветеринарлық қауіпсіздік мәселелер бойынша жедел кеңестер беруге бағытталған.

Сall-орталықта малға ветеринарлық алғашқы көмек беру бойынша кеңес, жергілікті атқарушы органдардың мал дәрігерлік ұйымдарының мекенжайы туралы ақпарат пен Ақтөбе облысының ветеринарлық дәріханаларындағы препараттардың бар-жоғын білуге болады.

 

«Орталықтың негізгі міндеті – мал дәрігерінің көмегіне жүгінуге немесе қызметін жалдауға мүмкіндіктері жоқ ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көмек көрсету. Шаруаларды малды емдеу немесе эпизоотикалық жағдай ғана емес, сонымен қатар сырттан келетін мал жағдайы да алаңдатады. Мәселен,   аталған мәселеде өзіңді қалай қорғауға болады, малды сатып алу немесе карантинге алу бойынша шарт жасағанда неге назар аудару керек, жалпы мал сатып алуда қауіпсіздік шаралары қандай осы бағытта қолдау көрсетеміз», – деді ҰКП жанындағы сall-орталықтың ветеринарлық мәселелр жөніндегі сарапшысы  Олжас  Аусабаев.

Жобаны әзірлеушілер Call-орталықтың мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен ақпараттық өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімді. Call-орталық Ақтөбе облысының барлық тұрғынына қолжетімді. 1432 қысқа номеріне ұялы телефондар мен үй телефондарынан қоңырау шалу – тегін.  

«Кеңес беретін сарапшылар қатарына Ақтөбе облысы мен республика  бойныша білікті әрі кәсіби мал дәрігерлері кірген. Мәселен, Ғайса Абсатиров – ветеринарлық ғылым кандидаты, профессор, Александр Суминов – ҰКП-да ветеринарлық сұрақтар бойынша сарапшы. Бұл жобаның дәл Ақтөбе облысынан басталуы өңірдің мал шаруашылығына бағдарланғанымен түсіндіріледі. Бұған қоса жергілікті шаруалар «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысып жатыр», – деді Олжас  Аусабаев.

Ақтөбе облысындағы Call-орталығы жұмысының тиімділігі байқалса, бұл практика бүкіл республикада енгізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер