«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сатып алу саласы туралы не білеміз?

2018 жылғы 04 Қазан
- Қызылорда облысы
8462 просмотров

Қымбатты оқырман, кәсіпкерлер үшін күрделі әрі маңызды тақырыптардың бірі – сатып алу саласы. Бүгінгі кеңесіміз де осы мәселеге арналмақ. Сатып алуға қалай қатысуға болады? Қандай ресми интернет-ресурстарымен жұмыс жасау керек? Осы секілді сауалдарға Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айгерім Рахымжанова жауап береді.

- Айгерім, кәсіпкерлер сатып алуларға қалай қатыса алады? Жалпы сатып алудың қанша түрі бар? Осы жөнінде айтып өтіңізші.

- Біздің елімізде сатып алудың негізгі үш түрі бар: біріншісі – мемлекеттік сатып алулар, екіншісі – «Самұрық-Қазына» АҚ-на қарасты компаниялардың сатып алулары, үшіншісі – жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары. Әрқайсысының өз ресми интернет-ресурстары бар. Мәселен, мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz сайтында жүзеге асырылса, «Самұрық-Қазына» АҚ-на қарасты компаниялардың сатып алулары www.zakup.sk.kz сайтында, жер қойнауын пайдаланушыларға арналған сатып алулар бойынша барлық ақпараттар www.reestr.nadloc.kz сайтында жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта жергілікті тауарөндірушілерді қолдау мақсатында екі мекеменің тізілімі (реестрі) қалыптастырылып келеді. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының www.skc.kz ресми сайтында жергілікті тауарөндірушілер көрсетілген қағидаға сәйкес құжаттарының тізімін «Самұрыққа» қосымша жіберу арқылы ғана тізілімге қосылуға мүмкіндіктері бар. Бұл жерде баса мән беретін жайт – құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариальды куәландырылған көшірмелерін жолдауы қажет. Ал екіншісі, жер қойнауын өндірушілердің сайты  www.ks.gov.kz. Ол электронды түрде жүргізіледі. Сайтта арнайы анкетаны толтыру арқылы тізілімге қосылуға болады. Қазіргі уақытта осы тізілімдерді жандандыру, жергілікті тауарөндірушілердің тізілімін қалыптастыру мақсатында Кәсіпкерлер палатасы тарапынан ақпаратты кеңінен таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жергілікті тауарөндірушілерді бұл тізілімге енгізудің маңыздылығы – жоғарыда аталған компаниялардың сатып алуларына қатысқан кезде айтарлықтай жеңілдіктер беріледі. «Самұрық-Қазынада» қағидаға сәйкес 5 пайыздан жоғары шартты жеңілдік берілсе, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Себебі әр сатып алудың шартты жеңілдік пайыздары әр түрлі.

- Айгерім, бұл бағытта мемлекет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?

- Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның құрылыстағы баға белгілеу орталығы бар. Осы орталықта әрбір жергілікті тауарөндіруші өздерінің құрылыс саласында өндіретін өнімдерін туралы құжаттарын талапқа сай орталыққа ұсынса алдағы уақытта тапсырыс берушілермен жасалынатын жоба-сметалық құжаттамаларға өнімдерін қосуға және әрбір тауарөндіруші өз өнімін салынатын құрылыс нысандарында көруге мүмкіндіктері бар. Бұлай айтуыма себеп, алдағы жылдан бастап қазіргі құрылыс саласындағы жоба-сметалық құжаттамаларына әр тауарөндіруші мекемелердің нақты атаулары көрсетілуі жоспарлануда. Осы жұмыс қолға алынса, әрбір кәсіпкер өз өнімдерін нақты сатуға қол жеткізе алады.

- Жергілікті тауарөндірушілерге Кәсіпкерлер палатасы және  жергілікті атқарушы орган тарапынан қандай қолдаулар көрсетілуде?

- Жергілікті тауарөндірушілерді қолдауда мемлекеттік орган тарапынан бөлінетін көңіл аса маңызды. Себебі ұйымдастыру жұмыстарының басым бөлігі жергілікті атқарушы органмен байланысты. Осы ретте, біздің облысымызда аймақ басшысының өкімімен құрылған жергілікті тауарөндірушілерді қолдауға арналған арнайы комиссия жұмыс жасайды. Комиссияға облыс әкімінің салаға жетекшілік жасайтын орынбасары мен Кәсіпкерлер палатасының директоры тең төрағалық жасайды. Комиссияның құрамына мемлекеттік мекемелердің, жергілікті сараптама ұйымының басшылары енген. Комиссияның отырыстары тұрақты өткізілуде. Биылғы жылдың өзінде 6 отырыс өткізіліп, бизнес өкілдерінің маңызды мәселелері талқыланды. Мәселен, қазір комиссияда облысымыздағы құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпкерлердің мәселесін, импорттық алмастыруды жан-жақты қарастырудамыз. Отырыстарда өңірде салынып жатқан құрылыс нысандарына қажетті өнімдерде біз өз кәсіпкерлеріміздің өнімдерін ұсынудамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер