«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Биылғы жылдан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қызметтері ақылы болады

2019 жылғы 09 Қаңтар
- Қызылорда облысы
13634 просмотров

Қымбатты оқырмандар, жаңа жылдан бастап мемлекеттік сатып алу заңнамаларына өзгеріс енгізілді. Өзгерістер демпинг, бір көзден сатып алу және өзге де мәселелерді қамтыған, сондай-ақ 2019 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қызметтеріне ақы төленетіндігі жазылған.

Мемлекеттік сатып алу заңнамаларындағы өзгерістер туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әйгерім Рахымжановадан сұраған болатынбыз. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

- Әйгерім, сәлеметсіз бе. Мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып отыруға кез келгеннің уақыты, мүмкіндігі, тіпті құлқы да бола бермейді. Өзгерістер қай салаларын қамтыған, қысқаша тоқталып өте аласыз ба?  

- Сәлеметсіз бе. Мемлекеттік сатып алу саласындағы құжаттарға өткен жылдың желтоқсан айының соңында қол қойылды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Өзгерістерді ең бірінші мемлекеттік сатып алудағы жеңілдіктерден бастасам.

Біріншіден, бір көзден сатып алу тәсілімен жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың  шекті сомасы бұрын 100 айлық есептік көрсеткішке дейін жүргізілсе, енді 500-айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

Бұл кішігірім сатып алу рәсімдерін жеңілдетеді.

Негізінен, бұл ереже кішігірім бюджеттері бар тапсырыс берушілерге (балабақшалар, мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдени орталықтар, интернаттар, қарттар үйлері т.б.) қатысты.

Ауыл әкімдіктерінің бюджетінің төртінші деңгейін енгізу шеңберінде осы шек 3 мың айлық есептік көрсеткішке (6 807 000 теңге) дейін ұлғайтылды.

Ауылдық әкімдіктерге бұл норма әкімдіктің мемлекеттік сатып алулардағы қызметкерлерінің біліктілігін қалыптастыру кезеңінде               2021 жылға дейін жарамды болады.

Екіншіден, баға ұсыныстарын сұрату әдісі арқылы сатып алу кезінде төмен сапалы тауарларды жеткізуде үлкен мәселе болып табылады. Техникалық ситаттамада тауардың фирмалық атауы жазылмағандықтан, тапсырыс беруші көп жағдайда сапасыз өнімдерді алуға мәжбүр болады.

Өзгерістерге сай, енді баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша сатып алуда (1000 АЕК-ке дейін немесе 2 405 000 теңгеге дейін) тапсырыс берушілер тауарлардың фирмалық атауларын техникалық сипаттамада көрсетуге құқық алды.

Бұл жақсы өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.

- Әйгерім, өзіңіз де білесіз, мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуда таза, адал кәсіпкерлер демпинг проблемасымен жиі кездесіп, ұтылып қалып жатады. Демпинг мәселесін шешуге бола ма өзі?

- Бұл жерде жақсы жаңалықпен бөлісейін. Нормативтік құжаттағы өзгерістердің бірі осы демпингке қатысты болып отыр.

Біріншіден, демпинг мәселесі шешілді. Енді «демпингтік баға» және оны болдырмау туралы нақты түсінік береді.

Қазір сатып алуға қатысушылар бағаны негізсіз төмендетудің әсерінен, келісімшарттың міндеттемелерін тиісінше орындамауға әкеліп соқтыратын проблемалар туындайтын.

Әлеуетті өнім беруішінің ұсынған сомасы ЖСҚ-ның жалпы сомасынан;

- Орташа жөндеу жұмыстарына - 10%-дан асқан жағдайда;

- Ағымдағы жөндеу жұмыстары мен құрылыспен байланысты емес жұмыстарға 40%- дан түскен жағдайда;

- Жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарында 15%-дан төмен түскенде демпинг есептеледі.

Ведомстводан тыс сараптама жұмыстарына конкурстың бағасынан төмен түскен жағдайда демпинг болып саналады.

Техникалық бақылау қызметтеріне 15% демпинг бекітілген. Бұл көрсетілген пайыздық мөлшерлемелерден түскен жағдайда әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбайды.

Екіншіден, қазіргі уақытта кәсіби шағымданушылардың саны шектен  тыс артуы байқалуда.

Әдетте, осындай «кәсіби шағымданушылар», сатып алуға қатысуға ниет білдірместен, басқа қатысушылардың ақпараттарына қол жетімділікті алу үшін өтінімдерді ұсынады.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін конкурстық өтінім жасамаған әлеуетті өнім берушілерге басқа қатысушылардың құжаттарын қарауға,  конкурстық құжаттаманы алдын-ала талқылауға қатыспаған әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарауға тыйым салынды, сондай-ақ бұдан былай сатып алуға қатыспаған үшінші тұлғалардың  шағымдары шарт жасасу мерзімін тоқтата алмайды.

Конкурсқа қатысу үшін салынатын өтінімді қамтамасыз ету сомасы ақшалай жарна арқылы және тек электрондық құжат нысанында ғана банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

Алдын ала қорытынды хаттамасынан кейін ғана басқа да қатысушы әлеуетті өнім берушілердің құжаттамаларын қарауға мүмкіндік беріледі.

- Тағы қандай жаңалықпен бөлісе аласыз?

- Бұл саладағы биылғы жылғы ең маңызды жаңалық - мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) қызметтеріне ақы төлеу белгіленді.

Осыған байланысты, әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу веб-порталына қолжетімділік тиісті келісімшарт пен төлем жасалғаннан кейін берілетін болады.

Қызмет құны, төлем жасау туралы мәліметтер және т.б. аталмыш сала сайтының «Тарифтер» бөлімінен табуға болады. Әлеуетті өнім беруші және мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы  арасында жасалған келісімшарт 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолжетімді.

Бұл жердегі шекті сома мынадай болады:

- Әрбір келісімшарттың немесе өтінімнің сомасы 1 миллион теңгеге дейін - жылдық сомасы 2 525  теңге, 10 миллион теңгеге дейін -  25 250  теңге, 100 миллион теңгеге дейін - 50 500  теңге, 1 миллиард теңгеге дейін  - 151 500  теңге, Шектелмеген - 308 050  теңге  бекітілген.

         - Әйгерім, сұхбатыңызға рахмет. Жақсы, сау болыңыз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер