«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШОБ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ - САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨЛЕҢКЕДЕН ШЫҒУ

2018 жылғы 22 Қыркүйек
3962 просмотров

«Атамекеннің» алаңында сақтандыруға жататын нысандар тізімін анықтау мәселесі талқыланды. Бүгін Қайрат Мәжібаев пен Райымбек Баталовтың төрағалығымен Сауда комитеті мен шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Ресей сауда үйлерінде болған қайғылы жағдайларға байланысты Ұлттық палата бизнеспен бірлесіп жүктелме сақтандыруды енгізуді талқылады. Мұндай сақтандырудың шарттары сақтандыру компаниясы мен клиенттің шартында айқындалады.

Жиын аясында сақтандыру субъектісін таңдау үшін бірнеше критерий айтылды. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев Қазақстанда сақтандырудың өзгермелі түрі сот орындаушылары мен кедендік брокерлер үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

«Егер нысанның сыйымдылығы 150-ден 300 адамға дейін болса, сақтандыру сомасы 150 млн. теңгені құрайды. Бұл жағдайда сақтандырудың міндетті түрі бойынша тариф 0,72% - дан 2,2% - ға дейін ауытқиды», - деді Ерлан Бурабаев.

Қайрат Мәжібаев сауда орталықтары – адамдар көп жиналатын жалғыз орын емес екеніне назар аударды. Кезең-кезеңмен жүктелме сақтандыру объектілері әуежайлар, вокзалдар, ауруханалар мен стадиондар болады.

Заңға сәйкес адамдар жаппай баратын объект деп сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және өзге де ұйымдардың ғимараттары саналады.

«Бұл ірі сауда орталықтары, олар ерікті түрде және ерікті негізде сақтандырады. Біз бизнестің қызығушылығын көріп отырмыз, оларға қосымша жүктеме болмайды»-деді «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика және талдау департаментінің сарапшысы Бекжан Отарбаев.

Тағы бір ұсыныс сауда алаңдарының шаршы көлемін критерий ретінде қарастыру болды. 

«Төтенше жағдайлар комитетімен Ұлттық палата алаңында өткен жалпы кеңесте сауда субъектілерін 2 мың шаршы метрден астам алаңнан сақтандыру туралы ұсыныс түсті. Оған қоса жаңғыртылған әмбебап базарлар бар, олардың саны 312», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры, сауда департаментінің директоры Александр Савидов.

Әзірге критерийлерді анықтау мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Алматы кәсіпкерлері Ұлттық палатаға ұсынылған нұсқалар бойынша сақтандыру құнын есептеу үшін өздерінің сауда алаңдары туралы мәліметтер беруге дайын.

Отырыста сондай-ақ шағын және орта бизнестің тиімділігін арттыруға және өнімнің көлеңкелі айналымын қысқартуға көмектесетін құралдар талқыланды. Зерттеу мәліметтері бойынша, әлі күнге дейін барлық дүкендерде деректерді беру функциясы бар кассалық аппараттар мен POS-терминалдар пайдаланылмайды. Бухгалтерияның ашық емес есебі де бар: дүкен иесінің сатушыдан барлық түсімді қолына алатынына кепілдік жоқ. Осыған байланысты Комитет бизнеске тауар қозғалысын есепке алу мен бухгалтерия жүргізуді қоса алғанда, сауда объектісіндегі процестерді автоматтандыратын арнайы ERP-жүйелерді енгізуді ұсынады.

Бұл ретте жүйе POS-терминал мен кассалық аппарат функцияларын біріктіреді. Мұндай кәсіпкерлер үшін ынталандыру ретінде арнайы салық жеңілдіктерін құру, қолма-қол емес кірістер үшін ставканы төмендету, ҚҚС бойынша шектеу есебінен қолма-қол ақшасыз төлемдерді алып тастау жоспарлануда.

«Егер шағын бизнес сандық технологияларды белсенді енгізсе, бұл оның тиімділігін арттыруға алып келуі мүмкін. Егер бүгін бір дүкеннің таза табысы орташа есеппен 5 – тен 7% - ға дейін болса (айналым көрсеткіші 2,5-3 млн теңге болғанда), цифрландырудан кейін ол 20% - ға артады», - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Сауда Комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер