«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«QAZAQ ORGANIC FOOD», «HALAL KAZAKHSTAN», «KAZMAI» ЖӘНЕ «KAZMEAT» БЕЛГІЛЕРІ ЭКСПОРТТЫ АРТТЫРА МА?

2018 жылғы 18 Қыркүйек
5880 просмотров

Бүгін бұл мәселе «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында бизнес және мемлекеттік мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Қазіргі таңда Үкімет қазақстандық брендті шет елдерге жылжытудың түрлі нұсқаларын қарастырып келеді. Қазақстандық брендтің танымалдығын арттыру үшін Үкімет шатырша брендтердің («Qazaq Organic Food», «Halal Kazakhstan», «KazMai» және «KazMeat») экспорттау кезінде тауарлық номенклатурасын техникалық реттеу шараларын қолдануда негізгі тәсілдерді әзірлеуді ұсынған болатын.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов бірқатар өндірушілер бүгінде шет елдерге, соның ішінде еуропа мемлекеттеріне өнімді жеткізетінін, аталған белгілерді енгізуден туындайтын шығындар мен артықшылықтарға қатысты қазақстандық бизнесті қызықтыратын нақты мәселелерді атап өтті.

ТРМК төрағасы Арман Шәкқалиев ұлттық стандарттарды енгізу және сертификаттау арқылы «Qazaq Organic Food», «Halal Kazakhstan», «KazMai» және «KazMeat» белгілерін енгізу туралы презентацияны тыңдап, халал өнімдерін өндірушілердің, Қазақстандық Органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысы Федерациясының (KAZFOAM) және Май одағының өкілдері шетелдік көрмелерді ұйымдастыруға, менеджмент жүйесін сертификаттауға, жарнама мен т. б. шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шараларын бір мезгілде енгізу қажеттігін айтты.

Кеңеске қатысушылар бұл белгілерді енгізу тек өндірушілердің қалауы бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы тиіс деген пікірге келді және әрбір бағыт олардың ерекшеліктерін ескере отырып, егжей-тегжейлі пысықтауды талап етеді. Сондай-ақ, кеңес барысында халал және органикалық өнім өндірушілерге ТРМК-ге ұлттық стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныс беру  тапсырылды.

Кеңесті қорытындылай келе, Қуаныш Бишімов Қазақстан мен экспортталатын елдер арасындағы сәйкестік сертификаттарын өзара мойындауға қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл қос сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді және өндірушілерді «Qazaq Organic Food», «Halal Kazakhstan», «KazMai» және «KazMeat» белгілерін алуға ынталандырады. Өзара мойындаусыз және экспортты жылжыту шығындарын өтемей біз тиісті нәтижеге қол жеткізбейміз», - деп түйіндеді ҰКП Басқарма мүшесі.

Қатысушылардың пікірінше, бүгінгі жиын халал өнімдер өндірісі саласындағы көптеген мәселелерді ашып, соңғы бес жылда бизнес пен мемлекеттік мүдделі органдар арасында ең ірі сұхбат алаңын құруға көмектескен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер