«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жерді мемлекеттік орган берсе, кінә неге кәсіпкерде?

2018 жылғы 07 Қыркүйек
- Павлодар облысы
8259 просмотров

 Бұл мәселе оңай емес, сондықтан ол Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында талқыға салынды. Шаруа қожалығы басшысына жергілікті атқарушы орган жер бөлген. Кәсчіпкер тиісінше жерді игеру бойынша процедураларды бастап, құрылыс жүргізіп, рұқсат алу құжаттары мен жерді орналастыру жобаларына қаражат жұмсаған.

Алайда, уақыт өте келе бұл жерлер жер қатынастары заңнамасына қайшы тәртіпте берілгені анықталды, дәлірек айтсақ, аукциондарды өткізбей берілген немесе өкілетті емес тұлға бөлген, сондықтан мемлекеттік орган жеке құқықтық актке, жалдау шартына шағымдану процедурасын бастайды, нәтижесінде жерді тартып алады.

 «Мұнда кәсіпкердің кінәсі қандай? Әрине, ол заңды білуі тиіс, бірақ тереңдеп меңгеру үшін уақыты жоқ қой. Жерді жергілікті атқарушы орган бөлген, кәсіпкер шығындалды. Кейін жерді бөлгенде нормалар бұзылғаны анықталады. Бұл олқылықтарды әкімдік, мемлекеттік орган жасаған, ал нәтижесінде кәсіпкер шығынға батты, олар сотқа береді, процесс созылады, яғында банкроттық орын алады. Мемлекеттік органдар, әкімдіктер бірінші кезекте заңдарды ұстанып, кәсіпкерлер мүдедсінқорғау керек», – деді Павлодар облысының Арнайы экономикалық сот төрағасының міндетін атқарушы Ернар Ерболатов.  

Басқа жағдайда жер қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін, алайда жергілікті атқарушы органдар жердің игерілмегені себепті тартып алу туралы талап арыз жасап, отыр ал кәсіпкер жерді игеріп қойған.

Палата сарапшылары мұндай жайтпен келіспей, мәселені Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында көтерді. Ернар Ерболатов берген мәлімет бойынша 2018 жылы Павлодар облысының арнайы ауданаралық экономикалық соты жерді күштеп тартып алу бойынша 14 азаматтық істі қараған. Оның 7-і бойынша талап арызды қанағаттандырмады. ӨКП сарапашыларды Кеңестің мүшелері бір ауыздан қолдады.

 «Бұл жағдайда «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының міндеті адал кәсіпкерлердің құқығын қорғау, олардың істерін соттарда сүйемелдеу. Бұл түйткілді Мәселелер тізіліміне енгізуді ұсынамыз. Бұған қоса жер учаскелері қолданыстағы заңнаманы бұза отырып берілген жер пайдаланушыларға қатысты рақымшылық жасау туралы мәселені қозғау бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП өтінім жасаймыз», – деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің бастығы Лашын Сарбасова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер