Қарағандыда кәсіпкерлердің мәселелері бойынша жеке қабылдау өтеді
Қарағанды облысы бойынша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізеді.
Қарағанды облысы бойынша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы СерікТөрегелдин Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратында 7 қыркүйек күні (жұма) сағат 16:00-де кәсіпкерлерді жеке қабылдайды.
Бизнес субъектілерінің өкілдері түрлі мәселелер бойынша өтінім жасап, заңгерлер көмегіне жүгіне алады.
2015 жылы Серік Мәкенұлы Төрегелдин Қарағанды облысы бойынша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағалығына тағайындалды. Кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсыну, қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жедел және жүйелі түрде шешу, сондай-ақ мәселелерді ашық түрде талқылау үшін құрылған.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерер палатасы қызметінің басымдыққа ие бағыттарының бірі.
«Кәсіпкерлерді бизнес дамуына тікелей кедергі келтіретін, жетілуін тежейтін мәселелерді ашық талқылауға шақырамын. Егер сізде мемлекеттік органдар монополистер байланыс орнатуда қандай да бір мәселе туса, қызмет етуде әкімшілік кедергілер орын алса, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қиымл жөніндегі кеңесі оларды жиында талқылауға дайын. Ал қабылдау кезінде мен туындаған мәселелерді шешу жолдарын анықтауға күш салатын боламын», – деп атап өтті Серік Төрегелдин.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы толық ақпарат www.atameken.kz сайтындағы арнайы бөлімде көрсетілген.
Серік Төрегелдин кәсіпкерлер құқығын қорғаумен 90-шы жалдардан бері айналысып келеді. Ол уақытта бизнес өкілдері мемлекеттік орган тарапынан болатын толассыз тексерулерден қиындық көретін. Кәсіпкерлердің қызметін жеңілдетудегі бірінші қадам – «Тексеруші органдардың келуін тіркеу кітабы» мен оны толтыру нұсқаулығы болып отыр. Тексеру жүргізетін тұлғалар кітапта белгінеуі керек болатын. Енгізілген бұл шара тексерулер санын 10 есе азайтты. Енді Серік Төрегелдин кәсіпкерлер мен азаматтардың мүддесін қорғау жұмыстарымен айналысуда жаңа алаң тапты.
e-mail: f.aulbaeva@atameken.kz
Кәсіпкерлерді қабылдау Қарағанды облысы Ермеков көшесі 29 мекенжайында, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, 3-қабат, мәжіліс залында өтеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: