Түркия бизнесмендері Қазақстанда 21 млрд долларды құрайтын жобаларды жүзеге асырды
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Түркияның тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы (MUSIAD) өкілдерін қарсы алды. 1990 жылы құрылған бұл ұйым бүгінде әлемде жетекші бинес қауымдастығына айналып отыр.
MUSIAD – бұл іскер әлемді ғана емес, сонымен қатар адамзаттың зияткерлік жетістіктерін тәжірибеде жүзеге асыратын оқыту, кеңес беру және басшылықты қамтамасыз ететін мықты азаматтық бірлестік. Бүгінде MUSIAD құрылымында 11 мыңнан астам адам бар. Қауымдастық 1 млн 600 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған 60 мыңға жуық кәсіпорынды біріктірген; кәсіпорын экспорт арқылы Түркия экономикасының 17 млрд АҚШ долларына тең 18%-ын құрап отыр; ел ішінде 86 бөлімшесі, әлемнің 74 елінде 201 өкілдігі бар.
Кездесі аясында Қауымдастық өкілі қазақстандық кәсіпкерлерді ЭКСПО- MUSIAD 17-ші көрмесіне қатысуға шақырды.
«Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған басшылығымен ЭКСПО-MUSIAD 17-көрмесі 21-24 қараша күндері Ыстамбұлдың CNR экспозициялық орталығында өтеді. Іс-шарада мемлекет басшылары, жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлер, сауда палаталар, кәсіпорындар басшылары, түрлі қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, ғылым мен білім өкілдері, инвесторлар, бизнесмендер және шетелдік кәсіпкерлерге кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Түркия Экономика министрлігі қолдауымен «Сатып алу кеңестері» кездесулер аясында 400 кәсіпорын арасында «бетпе-бет» кездесулер ұйымдастырылады. Осылайша жаһандық деңгейде жаңа іскерлік байланыстар жасалады», – деді MUSIAD компаниясының қазақстандағы өкілдігінің басшысы Йылмаз Кесен.
Қазақстандағы түрік бизнесі азық-түлік өнімдерін шығару, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құылыс, қонақүй бизнесі мен сериялық өндіріс салаларын қамтыған. 2017 жылдан бастап түрік компаниялары Қазақстанда жалпы сомасы 21 млрд АҚШ долларын құрайтын жобаларды жүзеге асырды. 2017 жылға деректерге сәйкес Қазақстанның Түркияға жасаған тікелей инвестициялар сомасы 700 млн АҚШ долларын құраған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: