«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұн экспортына болжам жасалды

2018 жылғы 14 Тамыз
- Қостанай облысы
5809 просмотров

Соңғы жылдары отандық ұн тарту саласы күрделі кезеңді өткеруде.

Астық тасымалдаушылардың тапшылығы, қосымша құн салығын қайтару бойынша мәселелер, өткізу нарықтарынан қағылу, көрші мемлекеттер тарапынан демпингтер салдары тауар өндірушілер жағдайын әлсіретті. Қазақстан астық өңдеушілер одағының төрағасы Евгений Ганның айтуынша бұл түйіткілдердің бір ғана себебі бар – ауыл шаруашылығының өңделген өнімі саласында нақты эскпорт стратегиясы жоқ. Бұл туралы ол 13 тамыз күні Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасында ұн тартушылармен өткен кездесуде мәлімдеді.

Жиынға қатысушылар бірінші жартыжылдық қорытындысын талқылады, алынатын өнімге болжам жасап, астық пен жаңа өндіріліген ұн нарығының мүмкін болар сценарийін сөз етті.

 «Мына маркетингтік жылда біз 10,5 млн тонна бидай мен ұн саттық, яғни өткен жылмен салыстырғанда 2 млн-ға арттық өнім өткіздік. Бірақ өзге өңірлерде бұдан көбірек өсірдік деп атой салып жатқан ешкімді көрмедім. Осы ретте жалпы экспорттағы ұн үлесі айтарлықтай төмендеп қалды, бірақ нақты көлем индексінде ол өскен. Қаңтар айында 270 мың тонна ұнды түсірдік, бұл рекордтық көрсеткіш. Міне, биылғы жылдағы табысымыз осы. Мұндай көрсеткішке ел ішіндегі вагон мен астық тасымалдаушылардың тапшылығына қарамастан жеттік... Бір қызығы ұн шығарушылардың өздері болса экспорт көлемінің төмендеуін алға тартады. Кейде бізде тауарды ақырын тасымалдап жатқан ұн тартушылардың жасырын гильдиясы бар деген ойға қаламын», – деді Одақ басшысы.

 Жартыжылдық қорытындысы бойынша ұн экспортының басым бөлігі Ауғанстанға – 668 000 тонна тасымалданған. Екінші орында Өзбекстан – 449 000 тонна (былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға көп). Тәжікстанға 41 000 тонна, Қырғызстанға – 22 000 тонна кетті.

 «Эскпортты әзірге 2,5 есе ұлғайта алмаймыз. Қазіргі міндет осы деңігейді сақтап қалу керек. Барлығы түсінуі керек бір жайт бар: қазіргі таңда мәселе ұн экспортында емес. Жалпы қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды қолдау қажет. Бізде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері саласында айқын экспорттық стратегиямыз жоқ...Ұн тарту саласының мәселесі – қарқынды дамуында, яғни біз барлық салалардан 10 жылға ілгері кеттік. Біздің деңгейге құс өсірушілер, сүт өндірушілер, ірімшік жасаушылар, шұжық шығарушылар әлі жеткен жоқ. Олар сыртқы нарықта осындай деңгейге жеткен уақытта дәл осындай сыртқы нарықтардың кедергі  механизмдеріне тап болады. Астық өңдеушілер әзірге алғашқы сала болып отыр», – деді Евгений Ган.

Одақ төрағасының айтуынша, Өзбекстанда бизнесті қолдаудың түрлі бағдарламалары бар. Мәселен, Өзбекстанда өсірілген бау-бақша өнімі салық, және баж салығынан босатылған, сондықтан Шымкенттің жылыжайында өскен жемістерден екі есе арзан келеді.

 «Тағы бір мысал, қазақстандық ұн импортымен қалай күресуге болатының Тәжікстаннан байқауға болады. Жыл сайын біз осы елге 50 000 тоннаға кем ұн түсіреміз. Яғни олардың салық саясаты арқылы импортты алмастыру бағдарламасы жұмыс істеп жатыр», – деді Евгений Ган.

Қазақстан үшін ең тартымды нарық Ауғанстан болып отыр. Алайда бұл артықшылықты да ұзақмерзімді деп санауға болмайды дейді сарапшы. Егер бидай бағасы көтерілсе, Пәкістан Ауғанстан нарығына қайта оралып, Қазақстанды ығыстырып тастауы әбден мүмкін. Есесіне ауған нарығы ұн сапасына талап қоймайды, демек оны кез келген нарықтан сатып ала алады.

 «Биыл ұн шығарушыларды не күтіп тұр? Пайымдауымша айтарлықтай ауытқулар болмайды. Бұған қоса бағаға болжам жасағанды жаным сүймейді, тек негізгі факторлар мен трентдері айта аламын. Мәселен, бағаның деңгейіне біздің «Азық-түлік келісімшарт копорациясы» әсер ете алады, корпорация биыл бидайдың бір тоннасына құнды 37 мыңнан 42 мыңға дейін көтерді. Ал баға түсуінің факторларына Ресейдегі бидай қорының үлкен ауқымы себеп болуы мүмкін. Бұрын Ресей нарығымызға кішкентай есікпен кірсе, бүгін оынң алдында үлкен қақпа ашық тұр. Биыл Ресейден 560 мың тонна елге әкелінді. Бірақ, мәселе сыртқы нарықтарда емес, мәселе өзімізде. Біз өте көппіз», – деді Евгений Ган.

 Қорытындылай келе, Евгениц Ган Қостанай ұн өндірушілеріне корпортативті бағыт ұстануды ұсынды. Оның байқауынша ұн өндірушілері біріккен өңірлерде түйткілді мәселелр оңай шешіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер