«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 «Бастаумен» шындыққа айналған арман

2018 жылғы 01 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9701 просмотров

«Бастау» жобасы бойынша білім алған Мәмлүт ауданының тұрғыны Олег Круш ірі қара малды көбейтумен айналысады

Биыл Солтүстік Қазақстан облысы Мәмлүт ауданында «Бастау» жобасы оқытуды бастады. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалынан ақпарат алған Олег Круш жобаға қатысуға ниет білдірген.

«Бастау» оқыту курсы басталатынын білген соң бірден өтініш жаздым. Оқу барысында еш өкінгенім жоқ, қайта өзіме қажетті ақпарат алып, білім арттырдым. Қазіргі таңда сол білімді қолданып отырмын», – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкерлік негіздері курсы аяқталғаннан кейін Олег Круш ірі қара малды ет үшін өсіруге арналған бизнес-жоспарын қорғаған. Оның идеясын жары Ирина қолдап, бизнесті отбасылық кәсіпке айналдыру идеясы туындаған.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы алғашқылардың бірі болып 4 млн теңге несие алып, 14 бас ірі қара малын сатып алды, сондай-ақ қыстық жемді де дайындады. Бизнес-жоспар дайындағанға дейін бұл отбасыда шағын шаруашылық болған әрі екі сиыр сауып келген. Жеке қаражаттарына 25 литрлік сауын аппаратын алғандары жұмыстарын жеңілдеткен. Аудан тұрғындарына сүт өнімдерін сатуға да уақыт табылды», – дейді аудандық филиал басшысы Нина Василенко.

Ірі қара малы ыстық күні жазғы қорада тұрады, ал қыста арнайы жылы әрі құрғақ орын дайындайды. Сол үшін кәсіпкер қазірден бастап қора-сарайын кеңейтуді қолға алған. Жұмыс көбейгені мен бұл істі табысты болатынына сенімді. Мал басын көбейтіп, табысты арттыруды қалайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер