«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған несие беріле бастады

2018 жылғы 26 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
5947 просмотров

Әйел кәсіпкерлігіне бағытталған шағын несиелеу бағдарламасы қарқын алуда. Белгілі болғандай, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің IV Конгресі осы пилоттық бастамаға негіз болды. Аталған іс-шарада Еуразиялық топ және Қазақстанның Халық Банкімен әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру туралы меморандумға қол қойылды.

Батыс Қазақстан облысында  «арзан» несиені қолданғысы келетін іскер әйелдердің қарасы қалың. Олардың көбі несие алуға өтінім беріп, Өңірлік кәіпкерлер палатасынан бастапқы тіркеуден өтті. Осы ретте айта кеткен жөн, ынталылар басқа құжаттармен қоса бизнес-оқудан өткені жайын растайтын серификатты қос тапсыру керек. Құжаттардың толық топтамасы жиналған уақытта оны БҚО ӨКП Іскер әйелдер кеңесі төрайымының сүйемел хатымен бірге Халық банкіне жөнелтеді.

 «Әзірге республика бойынша 1 миллиард теңге бөлініп отыр. Бағдарлама жыл аяғына дейін жүреді, алайда қаражат ерте игеріліп қойылуы мүмкін, өйткені өтінімдер көп түсіп жатыр. Біз оларды қарап, бекітіп, содан кейін банкқа жіберіп жатырмыз. Әйелдер бизнесін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы туралы түрлі іс-шаралар мен семинарларда айтып, хабарлаудамыз», – деді БҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жұлдыз Хұспанова.

 Уақыта үнемдеу үшін Халық Банк алдымен консультация алуды ұсынады. Толық ақпарат алып, сұраққа жауап табу үшін мына мекенжайға бару керек: Достық 194/1, 201 кеңсе.  

«Құжаттар топтамасы клиентке қарай жиналады. Жеңілдетілген несие алу үшін қолданыста бизнестің болғаны (мерзімі 6 айдан кем емес) керек. Стартаптарды қарай аламыз, алайда соңғы шешімді банктің бас кеңсесі шығарады. Кепілдік міндетті түрде қойылуы керек, несие мөлшерлемесі несие мерзімі мен банк талаптарына байланысты жылдық 5%-дан басталады. Бір қарыз алушыға 10 млн-ға дейін берілуі мүмкін. Салалық шектеу жоқ. Негізгі талаптардың бірі – қаражат қолма-қол ақшасыз шот түрінде беріледі», – деді банк қызметкерлері.

 Несие тауар сатып алуға 3 жыл мерзімге беріледі.  Егер нысаналы қолднауы инвестициялар болса, онда несие мерзімі 5-7 жылды құрайды. бүгінгі таңда Оралдағы іскер әйелдердің 4 жобасы несие алды. Негізінен бұл сауда саласы.

   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер