«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» тәлімгерлік жүйесін қайта жаңғыртады

2018 жылғы 19 Шілде
6279 просмотров

Бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік бөлімінде респбликадағы алғашқы Тәлімгерлік мектебі ашылды

Кәсіпорынның өндірімділік деңгейін арттыру, бәсекелік қабілетті шыңдау үшін білікті маман қажет. Ал жергілікті жерде мұнымен ешкім айналыспайды. Студенттер өндірісте жұмыс процесімен таныс болмай шығады. Кәсіпорындағы маман саясаты үшін маңызды саналатын ұйымдық міндетті шешуге көмектесітін, жаңа жұмысшыларды бейімдеп, маман тапшылығын азайтатын, әлеуетті арттыратын тәлімгерлік институтын қайта жаңғыртатын кез жетті. Өндірістегі білікті тәлімгерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Ұлттық палата Тәлімгерлік мектебін ұйымдастырды.

Қазақстан кәсіпорындарында тәлімгерлікті қалыптастырудағы негізгі мәселе білікті тәлімгердің аздығы мен кәсіпорынның ынталандыруы әлсіз болып отыр. Тәлімгерлерде дамытатын қабілеттің бірі – оқыта алуға үйрету.

«Адами капиталды дамыту үшін ең бастысы – өндіріске келген адам немен айналысу қажеттілігін білуінде. Студент өндіріске оқу үшін келгенде оған қайталана беретін жұмысты беріп қояды. Кәсіпорын оның әлеуетін пайдаланудың жоспарын жасамайды. Мәжіліс депутаттарының бастамасымен жұмыс орнында оқыту жүйесінің бас құрауышы ретінде биыл заңда «тәлімгер» түсінігі қалыптасты. Кәсіпорынның білікті жұмысшысы технологияны беріп, заманауи жабдықпен жұмыс істеуді үйретеді әрі білім мультипликациясындағы ерекше қабілетке ие.  Осыған орай «Атамекен» тәлімгерлерді оқыту бағдарламасын дайындады, оның нәтижесінде жұмыс беруші қысқа мерзімде оқушымен бірге нақты жұмыс туралы ақпарат алады, тауар мен қызмет өндірісінде техникалық процеске оқыту механимін иегереді», – дейді «Атамекен» ҚР ҰКП адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева.

Екі күндік семинар үш циклдан тұрады, олар нормативті-құқықтық база білімін, теориялық және тәжірибелік машықты нығайтуға негізделген. Оқыту барысында тәімгерлерге жұмыс орнында оқыту үлгісін қалай қалыптастыру керектігін айтып, оқытуды құрылымдық жоспарлау туралы түсіндіріп, жоспар дайындауға, шиеленісті жағдайда қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді.

«Кәсіби және еңбек педагогикасы. Тәлімгерлер аттестациясы» оқыту курсы Астана қаласында тағамтану және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың 25 жұмысшысы үшін ұйымдастырылды. Келесі семинарларда өңірдегі дамып келе жатқан барлық сала бірте-бірте қамтылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Кәсіби және техникалық білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова бұл бастама билік пен бизнестің өзара байланысындағы үлкен жетістік екенін атап өтті. тәлімгерлерді оқытудың осы жүйесі оқушыларға жұмыс барысында маңызды икемділікті игеруге мүмкіндік береді. Бұл жүйе Германияда қолданылады, онда 14 жастағы жасөспірімнің ата-анасы кәсіпорынмен келісімшарт жасасып, баланың тәжірибе жинауына мүмкіндік қарастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер