Теледидар орнын әлеуметтік желі басты
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Digital marketing клубы тауар мен қызметті интернет арқылы таратуға қатысты өзекті ақпарат берумен айналысады. Интернетті марекетингтің тиімді алаңы ретінде қабылдауға күмәнмен қарайтындар статистикаға мән берулері тиіс.
Қазақстанда интернетті қолданушылардың қатары жыл сайын артып келеді. 2016 жылы еліміздің 73,8 % интернетке қосылса, 2017 жылы бұл сан 89,7 %-ға дейін артты. Бұл саладағы зерттеуді TNS Central Asia жүргізіп келеді. Интернетті қолданушылардың басым көшлігі – әйелдер (54,5%), ал ең көп қолданатындар – 25-34 жас аралығындағы азаматтар.
Интернеттің қосылуымен қатар оны пайдаланудың жиілігі артып, телевизия саласы қалыс қалып келеді. Бұл пікірді DasSmart digital агенттігінің креативті директоры Галина Минина айтты. Клуб қатысушылары контенттік стратегия, жарнаманы таргеттеу тақырыптарына қатысты ақпарат алды.
«Іскерлік байланыс» жобасы бойынша Түркиядан келген тәлімгер, Donmez бизнес-мектебінің онлайн-маркетологы Андрей Плотников мақсатты аудиторияны қалай табу керек, таргетингті қолдану тәсілі мен жарнама жасауда қай сервисті пайдаланған дұрыс дегенге қатысты ой бөлісті.
«Әлеуметтік желінің көмегімен тұтынушыға жақындауға, сұранысты анықтап, мақсатты аудиторияның түйткілін реттеуге мүмкіндік береді», – дейді Андрей Плотников.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: