«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» әлемдік конференцияда халықаралық брендін таныстырады

2018 жылғы 22 Маусым
2312 просмотров

«Атамекен» 27 маусым күні Шанхай (Қытай) қаласында өтетін  Sunflower Oil&Meal Trade Conference екінші халықаралық конференцияға қатысады. Конференция жұмысына 16 мемлекеттен келген 250 өкіл келеді деп күтілуде. Ұлттық палата халықаралық алаңда «QazMai» ортақ брендін таныстырмақ.

Конференция мақсаты – күнбағыс майы нарығының жетекші компанияларының кездесуі – ТМД елдерінің экспорттаушылары, сонымен қатар Еуропа трейдерлері мен Азия, атап айтқанда Қытай импорттаушылары, сондай-ақ технологтар, өңдеушілер, логистикалық компаниялар өкілдері іскерлік байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға жиналады. Конференция қатысушылары күнбағыс майы, өнімді өңдеуге қатысты мәселелерді талқылайды, бағдарлама бойынша соя, зығыр мен майларға қатысты баяндамалар жасалады.

Қытай Үндістаннан кейінгі күнбағыс майын әлемдік  импорттаушы ел. Аспан асты елі жылына 1 млн тонна өнімді импорттайды. ISOA болжамы бойынша Қытай 2020 жылға қарай күнбағыс майын импорттауды еселейді деп күтілуде.

 Конференцияда қытайлық жетекші компаниялар – COFCO, Wilmar, Sinopharm, Bunge China, Qingdao Majors Trade, Mazruk Agri Pte Ltd, Concordia Trading, JINLI Oils and Fats, Carepal, Goldsun, Shanghai Xinyue Grains&Oils, CSIC Yuandong, Inner Mongolia Yihai, Puyang Xunda Grains and Oils, Jiangsu Fuyang International Trade Co сынды импорттаушылар, сонымен қатар Еуропа, Сингапур мен Гонконгтан келген брокерлік компаниялар болады.

Қазақстандық бренд отандық нарықтың 11 қатысушысын таныстырады:

 

  • «Қазақстанның май-тоңмай одағы» қауымдастығы» ЗТБ 
  • «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ
  • «Жаркөл-007» ЖШС
  •  «K-Oil» ЖШС
  • «Grain Pool» ЖШС
  • «Востоксельхозпродукт» ЖШС
  • «Kaz-Ir Agro» (Каз-Ир Агро) ЖШС
  •  «Бота-2015» ЖШС
  •  «Масло-Дел» ЖШС
  •  «Теректi май комбинаты» ЖШС
  • «Қаржау» шаруа қожалығы

26 маусым күні Қазақстан делегациясы Шанхайдағы Wilmar компаниясы зауытына барады.  28 маусымда Янчжоудағы Myande Engineering Center, Myande Manufacturing Workshop компанияларға, сондай-ақ Тиажоудағы Myande компаниясына бару жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер