«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Татарстан тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ

2018 жылғы 05 Шілде
3016 просмотров

Бүгін, 4 шілде күні Қазақстан және Татарстан республикаларының бизнес-форумы жалғасын тапты.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Бірінші Премьер-министрі Мамин Асқар, Татарстан Республикасының Президенті Минниханов Рустам, Татарстан Республикасының Премьер-Министр орынбасары - Өнеркәсіп және сауда министрі Каримов Альберт, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеңіс, сондай-ақ ІТ индустрия, машина жасау, авиациялық, химиялық және т.б. өнеркәсіп саласындағы Қазақстан және Татарстан 120-дан астам жуық бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Бірінші Премьер-министрі Мамин Асқар «Жуырда 15 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан астанасына ресми сапарымен барған еді. Сапар барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселесі талқыланған болатын. Алдағы уақытта Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуға ниеттіміз», - деп атап өтті.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеңіс: «Біз логистика, машина жасау және өнеркәсіптік кооперацияда даму перспективасы бар деп ойлаймыз. Екіжақты келіссөздердің арқасында бүгін сол салаларда келісімдерге қол қойылды. Мұның барлығы іскер әріптестікте екі жақтың да мүдделі екендігін көрсетсе керек», - деді. 

Форум барысында ҚР Мемлекетік басқару академиясы мен Қазан федералды университеті арасында; Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында; «Astana Hub» Халықаралық ИТ стартап технопаркі мен ИТ парк жоғары технологиялар технопаркі арасында; «Семипалатинский автосборочный завод» ЖШС мен «Ремонтно-механический завод РариТЭК» ЗТБ арасында меморандумға қол қойылды.

«Біз бүгін Татарстан Респубикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастық меморандумына қол қойдық. Әлбетте, бұл алдағы уақытта сауда-саттық саласында жұмысымызды ілгерілетіп, қазақстандық өнімнің экспортқа шығуына ықпал етіп, әрі бірлескен өндірісті құруға өз ықпалын тигізеді деген сенімдеміз» деді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Төрағасы Аян Еренов. 

Іс-шара екі ел арасындағы экспорт мүмкіндіктерін арттырып, экономиканың түрлі саласын дамытуға үлес қосады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер