«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «Бизнес апталығы» басталады

2018 жылғы 15 Маусым
3682 просмотров

Маусымның 18-21 күндері аралығында Елордада «Бизнес апталығы» өтеді

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі аясында «Бизнес апталығы»  өтеді. Апталық «Атамекен» ҚР ҰКП құрылғанына 5 толуына орай ұйымдастыралатын ауқымды шара – Съезбен аяқталады.

 

18 маусым – «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» форумы

Форум аясында отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тәсілдері, «Самұрық–Қазына» ҰӘҚ» АҚ отандық тауар өндірушілерді қолдаудағы жаңа саясаты және 2020-2024 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жаңа тұжырымдамасы таныстырылады.

Форумға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Самұрық–Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

Сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің арасында жобалық кеңсе құру және өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол қойылады.

Уақыты: 15-00, өтетін орны: St.Regis Astana қонақүйі, «Astor» залы

 

19 маусым – «Бастау» жобасының түлектері мен қатысушыларының форумы

Форумға қатысу үшін бизнестерін ашқан немесе кеңейткендер қатарынан жетістікке жеткен 150 кәсіпкер шақырылып отыр. Аталған қатысушылар бірнеше критерий бойынша іріктелді: жобаның әлеуметтік маңызы, жұмыс орындарының құрылуы, жобаға қатысушының әлеуметтік әлсіз санатқа жатуы және бюджетке салықтың түсуі. 

Жоба шеңберінде оқыту, қаржыландыру және бизнес-жобаларды сүйемелдеу элементтерін жақсарту бойынша тың әдіс-тәсілдердің таныстырылымы жоспарлануда. Министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен, форумға шақырылған депутаттармен, сарапшылармен, экономистермен жобаны жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар талқыланбақ.

Отель фойесінде көрме өткізу жоспарлануда. Үздік бизнес-жобалар санаты бойынша іріктелген қатысушылар экранда өз бизнестерін таныстыра алады әрі іске асыру кезеңдері, жобаның аудан үшін маңыздылығы жайында  егжей-тегжейлі ақпарат береді.

Уақыты: 11:00, өтетін орны: Rixos President Astana Hotel қонақүйі, «Жерұйық» залы

 

19 маусым Адами капиталды дамыту мәселелеріне арналған форум

Форум Atameken business channel «Ордабаев. Актуально» телевизиялық бағдарламасының форматында өтеді. Жүргізуші-модератор отандық және шетелдік сарапшылармен Қазақстанның маман дайындау жүйесіндегі негізгі сын-тегеуріндер тақырыбында сұхбаттасады. Шетелдік сарапшылар Live режимінде қатысады.

Негізгі бағыттар:

  • Мектептегі білім беру жүйесіндегі кәсіпкерлік машық;
  • Білім беру жүйесінде қатаң бақылаудан бас тарту;
  • Кәсіби маман дайындаудағы тиімді құралдар;
  • Бизнестің білім беруді өзекті етуге қатысуы (рейтингтер).

Уақыты: 15:00, өтетін орны: Rixos President Astana Hotel қонаүйі, «Жерұйық» залы

 

20 маусым - «Заң үстемдігі – Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына кепілдік»

Конференцияға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, Өзбекстан Республикасы президенті жанындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын және заңды мүддесін қорғау жөніндегі уәкіл Дилмурод Касимов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

Уақыты: 11:00, өтетін орны: Rixos President Astana Hotel қонақүйі, мәжіліс залы, 1-қабат

 

20 маусым – «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің жыл сайынғы конгресі

«Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің «Әйелдер бизнесі – болашақ кепілі» атты жыл сайынғы конгресі ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ұлттық комиссияның қолдауымен өтеді.

Уақыты: 15:00, өтетін орны: отель St.Regis Astana

 

21 маусым - «Атамекен» ҚР ҰКП Съезі

Күн тәртібі:

  • ҚР ҰКП қызметінің нәтижелері бойынша жыл сайынғы есеп және даму стратегиясын нақтылау туралы;
  • Өтпелі кезеңнің аяқталуына қатысты кейбір мәселелер туралы;
  • Міндетті мүшелік жарнаны төлеудің кейбір мәселелері туралы;
  • ҚР ҰКП Төралқасы жекелеген мүшелерінің өкілеттігінің мерзімінен бұрын аяқталуы және оларды сайлау туралы;
  • Тексеру комиссияның кейбір мәселелері туралы;
  • ҚР ҰКП Басқармасының өкілеттік мерзімін бекіту туралы;
  • Тағы да басқа мәселелер.

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша материалдар съезге қатысушылардың электронды мекенжайына съезд өткізілетін күнге дейін қосымша жолданатын болады. Съезд шақырылуы туралы хабарландыру «Егемен Қазақстан» және Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды.

Уақыты: 14:00, өтетін орны: Тәуелсіздік сарайы

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер