Ешкі сүтінен жасалған ірімшік өндірісі қолға алынбақ
«Ағайын и К» шаруа қожалығының иесі Архат Чуркумбаев жұмыс істемей тұрған ірімшік пісіру цехын жалға алып, өндірісті жандандырып, ешкі сүтінен ірімшік жасауды қолға алмақ.
«Ешкі сүтін өңдеу мен ірімшік өндірісін ұйымдастыру» атты жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға мақұлданған 35 бизнес идея және инновациялық жоба қатарына кірді. Мемлекеттік қайтарымсыз 3 млн теңгеге кәсіпкер сүтті ешкілер мен сүт сауу аппараттарын сатып алуды көздеп отыр.
Ірімшік пісіру өндірісін шаруа жақында ғана қолға алған. Ол үшін Быструха ауылында жұмыс істемей тұрған цехты жалға алып, іске қосады. Кәсіпорында қазіргі таңда ірімшік сиыр сүтінен жасалып жатыр, сүт ауыл тұрғындарынан сатып алынады. Кәсіпкердің айтуынша әзірге бір тоқсанда 25 тонна сүт өңделіп жатыр. Егер 1 тоннадан 120 келі ірімшік шығатынын ескерсек, 1 тоқсанда 3 тонна ірімшік өндіріліп отыр. Негізінен с мен брынза атты ірімшік түрі шығарылады. Дистрибьютерлер цехтан сулугунидің келісін 1950 теңгеге алып отыр. Ары қарай бұл өнім Өскемен қаласының сауда нүктелерінде сатылады.
Енді ассортиментті ешкі сүтінен жасалған ірімшік толықтыратын болады.
«Нарықты зерттеп, мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде ешкі ірімшігі сұраныста екенін анықтадық. Бұл қымбат әрі пайдалын өнім. Жергілікті халықта ешкі төлі жоқ десе де болады. Бірең-сараң шаруашылықта болмаса. Сондықтан егер сиыр сүті 120 теңге тұрса, ешкі сүті 500 теңгені құрайды. Ал ірімшіктің құны 1 келіге 3,5-4 мың теңге аралығында», – деді Архат Чуркумбаев.
Айта кетелік, ешкі сүтінен жасалған ірімшік сиыр сүтінен жасалған ірімшікке қарағанда анағұрлым пайдалы, микроэлементтерге бай өнім. Бұл ірімшік диетадағы кісілер үшін таптырмас азық.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: