«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақкөл аудандық Іскер әйелдер кеңесі «Атамекенім» акциясы аясында қайырымдылық шаралар ұйымдастырды

2018 жылғы 29 Мамыр
- Ақмола облысы
4300 просмотров

Ақмола облысы Ақкөл ауданында «Атамкенім» акциясы аясында Ақкөл қаласындағы №2 орта мектептің оқушысы, онкологиялық дертке шалдыққан Артем  Евмененконың еміне қаражат жиынауға арналған қайырымдылық шарасы өтті.

Іскер әйелдер кеңесі жауапты істі қиын жағдайға душар болған балақайдың еміне бей-жай қарай алмаған кәсіпкерлердің көмегімен қолға алды. Ірі сауда орындары, кафе, Ақкөл аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының  кеңсесіне қаражат жинауға арналған жәшіктер қойылды.

Мұнымен қоса, Іскер әйелдер кеңесі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қайырымдылық концерті өтті. Бұл концертке аудандағы мектептер, «Ренессанс» би студиясы қатысты. Бір концерттің өзінен 250 мыңға жуық қаражат түсті.

Ақкөл ауданы ғана емес, Қазақстанның өзге де аймақтарынан он жасар баланың дертіне шипа болсын деп көмек қолын созғандар қаражат аударуға атсалысты.

Бүгінде 3 млн теңгеге жуық қаржы жиналды. Артем Евмененконың туған-туыстары қолдау көрсеткен жанның әрқайсына алғысын білдіріп, ауыр жағдайда қалыс қалмағандары үшін ризашылық танытты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер